- Басты
- Жаңалықтар
- Төмен байытылған уран банкінің ядролық қалдықтарға қатысы жоқ - Қ. Бозымбаев
Төмен байытылған уран банкінің ядролық қалдықтарға қатысы жоқ - Қ. Бозымбаев
«2006 жылы "Ядролық қауіпті қысқарту бастамасы" америкалық қоры АЭХА ядролық отын халықаралық банкін құру туралы бастама жасағаны баршамызға белгілі, ол нарықтық емес сипаттағы проблемалар туындаған жағдайда атом станциялары үшін үздіксіз отын жеткізуге кепілдік беруі тиіс болатын», - деді Қ. Бозымбаев.
Бұл идеяны АЭХА қолдап, Төмен байытылған уран банкін құруды ұсынды. 2011 жылы Банкті орналастыру үшін мемлекет таңдауға тиісті тендер жарияланып, Қазақстан оған бірінші болып жауап берген еді.
«Банкті орналастыру үшін 2 алаң ұсынылды: бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағындағы сақтау қоймасы және "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ қоймасы. АЭХА сарапшылары осы ұсыныстарды зерттегеннен кейін өзінің жұмыс тәжірибесі, қызметкерлерінің біліктілігі мен техникалық деңгейі жағынан АЭХА-ның ядролық материалдарды сақтау бойынша талаптарына сәйкес келген "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ-ны таңдады», - деді энергетика министрі.
Осы ретте ол Төмен байытылған уран банкінің ядролық қалдықтарға қатысы жоқ екенін атап өтті.
«Банк деген не? Төмен байытылған уран банкі - бұл 90 тонна уран гиксофториді. Бұл отын дайындауға арналған бастапқы материал, оның ядролық қалдықтарға еш қатысы жоқ. Көбі жиі шатастырып жатады», - деді Энергетика министрлігінің басшысы.
АЭХА ТБУБ ядролық отын өндіруге қажетті 90 метрикалық тонна төмен байытылған уранды қамтиды. Физикалық резерв үлкен қаланы үш жыл бойы қамтамасыз ету үшін қажетті отынды өндіру үшін жеткілікті болады.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда