- Басты
- Жаңалықтар
- Конституциялық өзгерістер одан әрі жаңғыртудың берік негізін қалайды – Н.Назарбаев
Конституциялық өзгерістер одан әрі жаңғыртудың берік негізін қалайды – Н.Назарбаев
Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар жетекшілері, халықаралық ұйымдар өкілдері, таяу және алыс шет елдердің құқық саласының сарапшылары, еліміздің ғылыми қауым өкілдері қатысты.
Мемлекеттік хатшы конференцияда Қазақстан Президентінің форумға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.
Құттықтауда Мемлекет басшысы конституциялық реформа еліміз дамуының 25 жылдық тәжірибесін және жұртшылық пікірін ескере отырып жүргізілгенін атап өткен. Оның негізі – билік тармақтары арасында бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламент пен Үкіметтің дербестігін кеңейту, конституциялық құндылықтарды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту, сот жүйесі мен мемлекеттік басқаруды жаңғырту.
«Конституциялық өзгерістер қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық саласын одан әрі жаңғыртудың берік негізін қалайды. Осы тұрғыдан Қазақстандағы конституциялық реформа және оны іске асыру қазақстандықтардың да, шетелдік қонақтарымыздың да зор қызығушылығын тудырады», – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.
Сондай-ақ, конференцияда Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Мәми, Армения Конституциялық сотының төрағасы, Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдары конференциясының төрағасы Г.Арутюнян, Грузия Жоғарғы сотының Төрағасы Н.Гвенетадзе, Венеция комиссиясының өкілі С.Кузнецов және т.б. құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүргізілген конституциялық реформа нәтижелерін айрықша атап өтті. Олар реформалардың Қазақстанды Үшінші жаңғырту ісінің табысты іске асырылуына септігін тигізетініне сенім білдірді.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу