- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан күрделі әлемдік мәселелердің шешілуіне барынша өз үлесін қосуда – Н.Назарбаев
Қазақстан күрделі әлемдік мәселелердің шешілуіне барынша өз үлесін қосуда – Н.Назарбаев
ҚР Президенті айтып өткендей, ядролық қауіпсіздік ең алдымен ресми ядролық державаларға тәуелді.
«Ядролық державалар арасындағы қарым-қатынас адамзат үшін үлкен маңызға ие. Бізді бүгінде АҚШ пен Ресей арасындағы қатал санкциялық қарым-қатынас алаңдатады. Бұл адамзат үшін алаңдатушылық туғызбау мүмкін емес. Бүгінде сауда-экономикалық дауды қарулы қақтығысқа айналдырып жібермеу мәселесі тұр. Корея Демократиялық Республикасы айналасындағы оқиғаға келетін болсақ, біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2371 резолюциясын толық қолдаймыз. Үш ядролық держава – АҚШ,Ресей, Қытай ынтымақтастығы осы мәселеден басталуы мүмкін. Уақыт үш нәрсені талап етеді – жаһандық үйлестіру, саяси еркіндік, шешімі бар қарым-қатынас», - деді Президент.
Елбасы айтып өткендей, халықаралық өмірге саяси сенімділік пен жүйелік диалогты енгізген жөн.
«Өз тарапынан Қазақстан күрделі әлемдік проблемалардың шешілуіне барынша өз үлесін қосып жатыр. Астанада Сирия келіссөздерінің бес раунды өткенін білесіздер. Сондай-ақ, Қазақстанда Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өткізілген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Ресей-Түркия қарым-қатынасының оңалуына үлес қосты. Біз әрқашан дауласқан тараптарды бейбіт келісімге шақырамыз», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз сөзінде ТБУ банкінің Қазақстанда орналасуы атом саласының сапалығын көрсететінін айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты