- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал етеді – Н. Назарбаев
Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал етеді – Н. Назарбаев
Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашылуына орай елімізге келгені үшін Ю.Аманоға ризашылық білдірді.
«Бүгінгі шара – төмен байытылған уран банкін құру жөнінде көп жыл бойы бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы зор», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қозғалысының көшбасшысы саналатынын атап өтті.
«Біз құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететін боламыз», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің Агенттікпен ынтымақтастығы жан-жақты және берік екенін айтты.
МАГАТЭ-нің бас директоры делегацияға көрсеткен қонақжайлық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
«Бұл шара, ең алдымен Сіздің жеке қолдауыңыз бен қатысуыңыздың, сондай-ақ біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында іске асып отыр», – деді Ю.Амано.
Сонымен бірге, Агенттіктің бас директоры төмен байытылған уранды сақтайтын ғимарат ашумен қатар, бұл шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселелері де маңызды екенін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады