- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АЭХА төмен байытылған уран Банкін ашты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АЭХА төмен байытылған уран Банкін ашты
«Жаңа ғана біз бірегей оқиғаның куәгері атандық – Қазақстанда АЭХА төмен байытылған уран банкінің ашылуына қатыстық. Біз еліміз бен әлемдік қауымдастық үшін маңызды күнде бас қостық. 1991 жылдың 29 тамызында менің Жарлығыммен әлемдегі ірі полигондардың бірі Семей полигоны жұмысын тоқтатты, 45 жылда Қазақстан аймағында 550 ядролық сынақ жасалған болатын, оның ішінде 74-і атмосферада жүзеге асырылды. 1,5 млн адам зардап шекті. Біз қазіргі таңға дейін сынақтың салдарын сезіп келеміз. Сондықтан да Қазақстанның жігері соғыстан мықты болып, өзге державалардағы полигондарды тыныштандырды. Бүгінде барлық әлемде 29 тамызда Халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні аталып өтеді», - деді Қазақстан Президенті.
ҚР Президентінің айтуынша, екінші мәселе Қазақстанда мықты ядролық зымыран арсеналы болды.
«Жойқын ядролық арсеналдан бас тарту тәжірибесі әлемде болмаған еді. Біздің елдің бастамасы өзге елдерге дұрыс жолды көрсетті. Бұл тарихи шешім еді. Тәуелсіздік жылдары көлемі бойынша төртінші ядролық сынақ алаңы дәрежесінен ядролық қаруды жаһандық таратпау бойынша көсбасшы елге айналдық. Қазақстан АЭХА-ның сенімді серіктесіне, БҰҰ-ның бейбіт атом энергиясына жауапты жалғыз мүшесіне айналды. АЭХА-ның ТБУ Банкін орналастыру мүмкіндігін ұсынды, Қазақстан өзіндік үлесін қосты, біріншіден, таратпау режимін күшейтті, екіншіден, ядролық жанармайды қауіпсіз түрде жеткізуді қамтамасыз етті. Атап өтейік, ТБУ Банкі АЭХА-ның қадағалауымен жұмыс істейді», - деді Елбасы.
Н.Назарбаев аталмыш маңызды іс үшін АЭХА басшылығына алғыс айтты.
Банк бір жыл ішінде АЭХА-мен арнайы келісім аясында салынды. Қазақстан Үкіметі мен АЭХА арасында ТБУ Банкін Астанада салу туралы соңғы келісім 2015 жылы орнатылған болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаева
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары