- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда АЭХА төмен байытылған уран банкі ашылады
Қазақстанда АЭХА төмен байытылған уран банкі ашылады
АЭХА төмен байытылған уран банкі (ТБУБ) Ұлба металлургиялық зауытының аумағында салынған. Өскемен қаласынан телекөпір өтеді деп күтіледі.
Объект АЭХА-мен арнайы келісім шеңберінде бір жыл ішінде салынып шыққан. Өскеменде Қазақстан Үкіметі мен АЭХА арасындағы АЭХА төмен байытылған уран банкінің құрылысы жөніндегі соңғы келісімге 2015 жылы қол қойылған.
Ұлба металлургиялық зауыты коммерциялық қызметін жүзеге асыратын лицензияланған ядролық объект болып табылады және ТБУ-ды қауіпсіз және қорғалатын сақтау, тасымалдау мен өңдеу үшін барлық қажетті инфрақұрылымға ие.
ТБУБ ядролық энергетикаға инвестициялайтын елдерге бейбіт мақсатта пайдалану үшін отынның кепілдендірілген қорын ұсынады. Бұл елдерге өз ресурстарын байытуға көп шығынданбауға мүмкіндік береді және жаһандық тарату тәуекелдерін қысқартады.
Төмен байытылған уран банкі - әлемдегі ядролық энергетикалық реакторлардың таралған түрі - стандартты реакторға арналған отын дайындау үшін жарамды, жалпы массасы 90 метрикалық тоннаны құрайтын төмен байытылған уранның физикалық қоры. Мұндай реактор үлкен қаланы электр энергиясымен үш жыл бойы қамтамасыз ете алады.
Айта кету керек, бүгін - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні.
2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамыз күнін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарары қабылданған болатын, оған сәйкес, жыл сайын әлемге ядролық сынақтардың алапат салдары туралы еске салуға және болашақта олардың орын алуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді