Өскеменде Рождество мерекесі аталып өтті

8 Қаңтар, 2014 09:10
Рождестволық мерекені халық жәрмеңке мен қолөнер көрмесін ұйымдастырып қарсы алды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

«Өскеменнің бас алаңына қақаған аязға қарамастан бұқара халық жиналды. Олардың ұлты мен сенімінде шектеу жоқ», -делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарын аталмыш мерекемен Өскемен және Семей қалаларының епархиясы Амфилохий құттықтады. Өскемен орталық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Асанов, сондай-ақ Өскемен қаласы әкімінің  орынбасары Владимир Головатюк халыққа жылы лебізін білдірді.

«Осындай ерекше күні сіздерге салтанатты көңіл күй мен Христос құтқарушысының рақымшылығын тілеймін. Құдай сіздердің әрбіреуіңізге рухани тұрақтылық пен сабыр, күш сыйласын», - деді епископ Амфилохий.

Оның тілегіне имам Нұрлан қажы Асанов та қосылды. Ол мерекенің әлеуметтік-саяси маңызы өте жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол республикада барлық конфессиялар өмір кешіп жатқанын айтты.

Шараға қатысушылардың назарына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оның құрамында орыс ұлттық ансамблдері мен неміс, корей, орталықтарының өкілдері. Хабарламада айтылғандай, бұл қазақстандықтардың  рухани бірлігінің белгісі.

Барлық жаңалықтар