- Басты
- Жаңалықтар
- Kazakh Invest жыл соңына дейін 10 ТҰК тартуды жоспарлауда
Kazakh Invest жыл соңына дейін 10 ТҰК тартуды жоспарлауда
Өз баяндамасында Н.Жиенбаев Қазақстанның инвестициялық ахуалы, инвестиция мен шетелдік инвесторларды «бір терезе» ұстанымы бойынша жәрдемдесетін ұлттық компанияның қызметі туралы айтып өтті.
««Kazakh Invest» Қазақстанның барлық өңірлері мен шетелде өзінің өкілдіктеріне ие. Ашық өкілдіктер Қытай, Ресей, Түркия мен АҚШ-та бар. Кеңсені Еуропа мен Таяу Шығыста ашу жоспары бар. Жақын арада Германия, Франция, БАӘ-да өкілдер тағайындалады. Жыл соңына дейін біз 10 трансұлттық компанияны тартуды жоспарлап отырмыз. Шетелдік өкілдіктердің мақсаты байланыс орнату және шетелдік компаниялардың инвесторлық қызығушылығын анықтау», - деді Н.Жиенбаев.
Сондай-ақ, ол кездесуге қатысушыларды экономиканың басым салаларына инвестиция тарту бойынша компанияның жұмысымен таныстырды.
«Бүгінгі таңда «Kazakh Invest» көмегімен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде: Алматы облысындағы астық өнімін дайындау жөніндегі зауыт құрылысы мен жартылай фабрикаттарды дайындаудың трансұлттық компаниясы Mareven Food Holdings Limited, Phoenix Global DMCC, Empire Food», - деді «Kazakh Invest» өкілі.
Тамыз айының басында өзаратүсінушілік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында Жол картасы әзірленеді.
Н.Жиенбеков айтып өткендей, бұл министрлік пен Ұлттық компанияның бірлескен жұмысын жүйелендіруге мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда «Kazakh Invest» инвестиция тарту бойынша қызметті күшейтіп жатыр. Компанияның негізгі жұмысы басым салалар мен елдерге бағытталады. Соңғы мақсат бекітілген тізімнен көшбасшы компанияларды іріктеп алу», - деді спикер.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті