- Басты
- Жаңалықтар
- «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша 7 мыңнан астам субъект қарыз алды
«Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша 7 мыңнан астам субъект қарыз алды
Мемлекеттік хатшы халықаралық қаржы институттарымен арадағы ынтымақтастыққа Қазақстан Президентінің айрықша назар аударатынын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына баса көңіл бөле отырып, халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл аясын кеңейту жөнінде міндет қойған болатын.
Гүлшара Әбдіқалықова бүгінде еліміздің мемлекеттік органдары Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асыру бағытында жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Еуропа қайта құру және даму банкі «ақылды» экономика қалыптастыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесуде Қазақстан мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар қарым-қатынастың қазіргі даму қарқынына көңіл толатынын айтып, банктің энергетика және тау-кен өндірісі секторындағы жобаларын іске асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ, гендерлік теңдік пен әйелдердің рөлін арттыру мәселелері қаралды. Әңгіме барысында Үкімет пен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы келісім аясында «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының іске асырылып жатқаны атап өтілді. Бүгінде 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге қарыз берілді. Қаржыландырумен қатар, Еуропа қайта құру және даму банкі әйелдер басшылық ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына басқару тәжірибелері мен технологияларды енгізуге көмектеседі.
Кездесу соңында 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Астанада өтетін «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумда қарастырылатын баламалы энергетика және «жасыл» экономика, орнықты және инклюзивті өсімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Қазақстан 1992 жылғы 27 шілдеден бастап Еуропа қайта құру және даму банкінің мүшесі болып саналады. Бұл банк 1993 жылдан бері Қазақстанда жалпы құны 7,3 млрд евро болатын (қазіргі жиынтық көлемі – 2,6 млрд евро) 222 жобаны қаржыландырды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды