- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады (ФОТО)
Үкімет республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады (ФОТО)
Б. Сұлтанов республикалық бюджет шығындары 2018 жылы 9 217,9 млрд құрайтынын атап өтті, бұл биылғы жоспардан 134,6 млрд теңгеге артық.
«Шығындар құрылымында басым бөлігін немесе 44,5% әлеуметтік сектор шығындары құрайды, олар биылғы жылмен салыстырғанда 400 млрд теңгеден астамға өсті», — деді Б. Сұлтанов.
Мәселен, өсімнің негізгі құрауышы зейнетақы мен бала туғанда тағайындалатын жәрдемақы көлемін өсіру, оның ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы мен зейнетақы тағайындау тәртібін қайта қарау нәтижесі болып табылады.
"2018 жылы экономиканың нақты секторын дамытуға 1,4 трлн теңге қарастырылған. Биылғы жылмен салыстырғанда шығындар көлемін төмендету екі негізгі фактормен себептелген: бағдарламаны қаржыландыру көздерін Ұлттық қордың мақсатты трансферінен мұнай емес кірістерге өзгертумен; биылғы және келесі жылғы бюджет қаражатын квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің игеру болжамымен", - деді ол.
«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 512,6 млрд теңге сомасы көлеміндегі шығындар қарастырылған, оның ішінде 2018 жылға — 243,3 млрд теңге.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына 208,8 млрд теңге бағыттау ұсынылады, оның ішінде 125,2 млрд теңгесі - 2018 жылға.
"Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 2018 жылға қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру (субсидиялар), су шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына 195 млрд теңге қарастырылған", - деді министр.
Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға 232,9 млрд теңге сомасы көлеміндегі шығындар қарастырылған, оның ішінде 2018 жылға - 76,1 млрд теңге.
2018 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 292,6 млрд теңге бағытталады.
Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және ішкі тұрақтылықты қолдауға жұмсалатын шығындар 2018 жылы 1 088,9 млрд теңгені құрайды.
Б. Сұлтанов атап өткендей, республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ қатысты 2018 жылы 1,1%-дан 2019-2020 жылдары 1,0% дейін төмендетілді, бұл мемлекеттік қарыз көлемін орташа деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
Заң жобасын Үкімет мүшелері қолдады. Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына биылғы жылдың қыркүйек айында ұсынылады.
Ақбота Күзекбай
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар