- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО жалпы автокөлік нарығы өңірлік экономикаларды жақсартады - ЕЭК
ЕАЭО жалпы автокөлік нарығы өңірлік экономикаларды жақсартады - ЕЭК
«Автомобиль тасымалдары қарқынды дамып келе жатқан және нарыққа анағұрлым бағдарланған көлік түрі болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өз жұмысын бастағалы екі жыл ішінде автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі - 4%-ға, ал жүк айналымы 7%-ға ұлғайған. Биыл да оң қарқын жалғасып келеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк тасымалдау көлемі - 2%-ға, ал жүк айналымы 3,2%-ға өсті», - деді А. Жүнісов.
Автомобиль көлігі үлесіне жалпы жүк тасымалының 82%-ы және Одаққа мүше мемлекеттердің жолаушылар тасымалының 94%-ы келеді.
«Алайда, ЕАЭО-да автокөлік рөлі еуразиялық бестік елдері арасындағы байланысты қамтамасыз етумен ғана шектелмейді», – деп атап өтті ЕЭК министрі.
ЕАЭО елдерінің көлік және инфрақұрылым саласындағы интеграциялық әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар өткен жылғы желтоқсанда елдердің президенттері қабылдаған Көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері стратегиялық құжатында айқындалған. ЕЭК осы құжатты іске асыру жөніндегі "жол картасын" әзірлейді.
«Автомобиль көлігі саласындағы негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі жол картасы 2017 жылғы 5 тамызда болған жиын барысында келісілді. Ол биылғы жылы қабылданады деген сенімдеміз», – деп мәлім етті ЕЭК министрі.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады