- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ЯСЖТШҰ ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Қазақстан мен ЯСЖТШҰ ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Ғылым және халықаралық істер жөніндегі Пагуош ғалымдар қозғалысының президенті Джаянт Данапаламен кездесуде конференция ядролық қақтығыстардың туындау қаупін төмендету жолдарын іздестіруде жаңа серпін бергені атап өтілді.
Д.Данапала пікірсайыстардың мазмұндылығын және осы форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, сондай-ақ осындай ауқымдағы конференцияны Астанада өткізгені үшін Қазақстанға алғыс айтты.
Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербомен Қазақстан және ЯСЖТШҰ-ның ынтымақтастығының келешегі талқыланды.
Қ.Тоқаев Қазақстан мен ЯСЖТШҰ-ның өзара нәтижелі іс-қимылына жоғары баға берді, Ядролық сынақтарға мониторг жүргізетін халықаралық жүйенің қазақстандық секторын құрудағы Ұйымның көмегіне ризашылығын білдірді. Л.Зербо халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруларды таратпау саласындағы Президент Н.Назарбаевтың бастамаларының жаһандық маңызын атап өтті.
БҰҰ Бас Хатшысының бұрынғы орынбасары, Қарусыздану жөніндегі бұрынғы жоғары мәртебелі өкілі Серхио Дуартемен кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі, оның ішінде халықаралық терроризм мен ядролық қаруды таратпау мәселелері талқыланды.
С.Дуарте 29 тамызда Қазақстанда МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуының маңыздылығын атап өтті.
Бұл әлем қоғамдастығының қолдауының және ядролық қарудан азат әлем құруға теңдесі жоқ үлес қосқан мемлекет ретінде Қазақстанға деген биік сенімнің арқасында мүмкін болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды