- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Жыл соңына дейін Астана-Павлодар автожолының 240 шақырымы пайдалануға беріледі
«Нұрлы жол»: Жыл соңына дейін Астана-Павлодар автожолының 240 шақырымы пайдалануға беріледі
2017 жылға дейін 230 шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілген, оның ішінде Астана-Павлодар бойынша 59 шақырым, Павлодар-Семей-Қалбатау – 171 шақырым.
Ағымдағы жылы 786 шақырымда жұмыстар жүруде, осылайша құрылыс жұмыстары дәлізді толық қамтыған.
Жыл қорытындысы бойынша 240 шақырым автомобиль жолын пайдалануға беру жоспарланған, бұл үшін 105 млрд теңге қаражат бөлінген.Астана-Павлодар учаскесі бойынша құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталған және жолды 4 жолақты қозғалыспен ( оның ішінде, 265 шақырым цементбетонды және 176 шақырым асфальтбетонды төсеммен) І техникалқ категорияға өткізу көзделген.
Астана-Павлодар бөлігі 15 қайта жаңарту учаскелеріне бөлінген, оның ішінде бүгінгі күні 3 учаске немесе 59 шақырым пайдалануға берілген.
2017 жылы жұмыстар қалған 12 учаскеде жүруде.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» басшылары жолды қайта жаңарту құрылысында пайдаланылған материалдардың 90 % -дан көбі отандық өндірушілердікі екендігін атап өтті.
Пресс-турдың негізі мақсаты «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламысы қарастырған жобаның бірімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамды таныстыру.
«Орталық-Шығыс» дәлізін қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру барысында 2000-нан аса техника және 3500-ден көп адам жұмылдырылғандығын ескерту қажет
Сонымен қатар, тікелей автожол құрылысында ғана емес, сонымен қатар іргелес салаларда да (асфальт, бетон, қиыршық тас және басқа да құрылыс материалдарын өндіруде, одан бөлек құрылысшыларды тамақпен қамтамасыз етуде) жұмыс орындары жасақталуда
Астана-Павлодар учаскесіндегі Торғай және Шідерті елді мекендерінде 2 жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің құрылысы жүруде
«Сөз соңында, көзделген барлық өндіріс жоспарлары дер кезінде атқарылатындығын, ал Астана, Павлодар және Өскемен учаскелері арасындағы жаңа жолдардың сапасы барлық стандарттарға сәйкес келетіндігін және жаңа жол бір онжылдық қана қызмет етпейтіндігін атап айтқым келеді», - деп қорытындылады Темірхан Меңдіғалиев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді