Ақтөбе облысында ЖТҚ-ға 15 мыңға жуық жер учаскесі берілмек

28 Тамыз, 2017 19:32
2017 жылдың басынан бастап кезекте тұрғандарға 5563 учаске берілді, бұл республика бойынша ЖТҚ-ға берілген жерлердің жалпы көлемінің 60,1%-ын құрайды, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл ақтөбеліктерге 14886 учаске берілуі тиіс, бүгінде жоспар 37%-ға орындалған. Б. Сапарбаев кезекте тұрғандарға жер беруді жылдамдатуды тапсырды. 

"Тапсырма орындалуы тиіс. Ол үшін аудандарда барлық мүмкіндіктері бар. Ақтөбеде күрделірек, алайда, мұнда да жұмыс істеуге тура келетін қорлар бар», - деп атап өтті облыс әкімі. 

Сондай-ақ Б.Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша,  жер инспекциясы ЖТҚ-ға берілген жерлердің игерілуін бақылауды күшейтеді. 

Жер учаскелерінің берілуін жылдамдату және азаматтардың өтініштерін тіркеу рәсімін жақсарту үшін өңірде түскен өтініштерді есепке алу мен талдауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірленген. Бағдарлама тізімнен қайталанған өтініштерді алып тастауға мүмкіндік бере отыра, кезекті түгендеу проблемасын да шешеді, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын өзгерткен кезекте тұрғандарды іздеуді оңайлатады.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бүгінде базаға Ақтөбе облысында тіркелген кезекте тұрғандардың барлығы енгізілген. Бұл  149 мыңнан астам адам, оның ішінде 116 мыңнан астамы - облыстық орталықта жеке тұрғын үй алғысы келетіндер. 

Барлық жаңалықтар