- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 2017-2019 жылдары барлық санаттағы жерлерге тексеріс жүргізіледі
Қарағанды облысында 2017-2019 жылдары барлық санаттағы жерлерге тексеріс жүргізіледі
"ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бекіткен Жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017-2019 жылдары облыста барлық санаттағы жерлерге тексеру жүргізілмек", - деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Аян Шалмағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
2012-2014 жылдары ауылшаруашылығы айналымындағы жерді түгендеу жүргізілді. Ендігі тексеріс барлық санаттағы жердерді түгендеу болғандықтан, бұл жұмыс одан ауқымдырақ болмақ.
Тексерісті жүргізу үшін аймақта жұмысшы топтары құрылды. Тексеріс кесте бойынша іске асырылмақ.
"Қалалар мен аудан әкімдіктері сәуірден қыркүйекке дейін ауыл шаруашылығына арналған және пайдаланылып отырған жерлер бойынша жүйеленген дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ал, жыл соңына дейін елді мекендер бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Тексеріспен облыстық маңыздағы 9 қала, аудандық маңыздағы екі қала, 37 кент және 384 ауылдық елді мекен қамтылады. 2018 жылдың шілдесіне қарай елді мекендер бойынша камеральдық жұмыстар аяқталатын болады",- деп хабарлады Аян Шалмағанбетов.
2018 жылы өндірістік, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығынан тыс бағыттағы жерлерді тексеруден өткізу жоспарлануда. 2019 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, орман, су және артық жер қорларына тексеру жүргізуге жүйеленген дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Басқарма басшысының айтуынша, басталған тексеріс жұмыстары жер-кадастр мәліметтерін жинақтауға, шаруашылық субьектілері тізімінің өзектілігін нақтылауға көмектесіп отыр. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің құрамы мен көлемі анықталды. Қалалар мен аудандардың жедел мәліметтерінің негізінде жердің сипаттамасы жасалды. Облыста ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер 14 млн 260 мың га – бұл 2016 жылмен салыстырғанда 239 мың гектарға артық.
Жер теңгерімінің мәліметі бойынша, Қарағанды облысының аумағында 42 млн 798 мың га жерді құрайды. Сонымен қатар, 7 млн 154 мың гектар жерді Ресей Федерациясы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары жалға алып отыр.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды