- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК Одақ елдерінде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды
ЕЭК Одақ елдерінде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды
Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Жақсылықов «ЕАЭО елдерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру – бизнесті дамыту негізі» панельдік пікірталасында сөз сөйлей отыра, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы қысқа мерзім ішінде бірыңғайлау, зияткерлік меншік құқықтарының бұзушылықтарына қарсы күрес бойынша құқық қолдану практикасындағы бар айырмашылықтарды жеңу қажеттігін мәлім етті. Жақын арада Одақтың тауарлық белгілерін тіркеумен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін бірқатар халықаралық шарттарға қол қою жоспарлануда.
«Осы құжаттардың қабылдануы бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы зияткерлік меншік саласындағы құқықтық қатынастардың дамуына оң әсер ететін болады. Өндірушілер, соның ішінде шетелдік инвесторлар Одақтың барлық аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғай алады, бұл ЕАЭО-дағы бизнес-климаттың едәуір жақсаруына ықпал етеді», – деп санайды ЕЭК министрі.
Екі негізгі құжатты қабылдау көзделеді. ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Елена Измайлова Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және ЕАЭО тауарларының шыққан жерлерінің атауы туралы шарт жобасы туралы толық айтып берді. Зияткерлік меншіктің жаңа объектісі ретінде Одақтың тауарлық белгісі енгізілуде.
Шарттың негізгі мақсаты – ЕАЭО тауарлық белгілерінің тіркелуін қамтамасыз ету. Тіркеуді және бірыңғай қорғау құжатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарының біріне өтініш беру арқылы алуға болады.
Екінші құжат – Мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу регламенті – ЕАЭО Кеден кодексінің «Кеден органдары қабылдайтын зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау шаралары» атты 52-бөлімді іске асыру мақсатында әзірленуде.
«Бұл құжаттардың қабылдануы Одақтың тауарлық белгілерін тіркеу рәсімдерінің құнын едәуір азайтады, сондай-ақ Одақтың тауарлық белгілерін және зияткерлік меншік объектілерін бірыңғай кедендік тізілімде тіркеу рәсімдерін оңайлатып, жылдамдатады», – деді Елена Измайлова.
Пікірталаста талқыланған тағы бір мәселе реттеушілік практиканың анағұрлым тиімді құралдарын қолдану және Одақ мемлекеттерінің ішкі реттеуін жетілдіру болды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары