- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Әбдіғали: Жалпыұлттық құндылықтарды белгілі бір аймақтарға телуге болмайды
Б.Әбдіғали: Жалпыұлттық құндылықтарды белгілі бір аймақтарға телуге болмайды
Жуырда Астанада Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның IV отырысы өтті. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар сараланды. «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан» жобалары бойынша есептер тыңдалды. Жобалардың қай-қайсысы болса да аса ауқымды, жекелеген сараптамаларды қажет етеді. Мәселен, «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша Жалпыұлттық және аймақтық болып, киелі жерлерді екі антологиясының жобасы дайындалды. Жалпыұлттық нысандарға 100 нысан, аймақтық антологияға 500 нысан енгізілген. Осы қасетті жерлерді іріктеу қалай жүрді, қандай талаптар қойылды және оларды кімдер іріктеді, - деген сауалдарға жауап алу үшін «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали мырзаны әңгімеге тарттық.
-Сіз де сол Ұлттық комиссияның құрамындағы «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісісіз. Осы уақыт аралығында не істелді? Қандай жұмыстар істедіңіздер?
- Расында осы уақыт аралығында аз жұмыс істелген жоқ. Біз аймақтардағы әкімдіктер, сондағы өлкетанушылар мен тарихшылар тізімдеп берген қасиетті жерлердің үлкен базасын жасадық. Әуелі жұмысымыздың басында жергілікті жерлерде біздің жұмысшы топтарымыз болған жоқ. Тек жекелеген өлкетанушылар мен тарихшылармен жұмыст істедік. Солардың тізімдеген нысандарын ғана алдық. Қазіргі уақытта, біздің осы «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының ішінен 24 маманнан құралған арнайы сарапшылар Кеңесін құрдық. Бұлар жаңағы аймақтардан келіп түскен нысандарды қасиеттілігі мен маңызына, тарихи маңызына, рухани мазмұнына қарай отырып іріктейді. Оның сыртында сол аймақтардан жалпы республика бойынша 187 адамды құрамына тартқан арнайы жұмыс топтары құрылды. Аймақтардағы тарихи және рухани маңызы бар жерлерді, нысандарды іріктеп алу үшін арнайы методикалық нұсқаулық дайндадық. Қазір, сол нұсқаулықта көрсетілген негізгі критерийлерге қарап, аймақтар ұсынған, өзіміз іріктеп алған нысандарды анықтап жатырмыз. Жаңағы құрылған аймақтардағы жұмыс топтары мен жаңағы Сарапшылары кеңесінің тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде біраз шаруаның басы қайырылды. Мысалы, қазір республика бойынша 100 ірі тарихи, рухани маңызы бар деген нысанды қамтыған Жалпыұлттық антологияның жобасы жасалды. Оның сыртында жекелеген аймақтардағы сол өлке үшін аса маңызды деген 500 нысан енгізіліп, екінші кіші антологияның жобасы дайын болды.
-Бұлар қазір осы Ұлттық комиссияның бекіткендері ме? Әлде бұл әлі жоба күйінше ма?
-Бұл жұмыс әлі біткен жоқ. Әлі де қосылуы мүмкін. Жұмыс әлі жүріп жатыр. Осы іріктелгендердің өзін тағы да бір сүзгіден өткіземіз. Нысандардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Қазір осы орталықтағы жаңа айтып өткен Сарапшылар кеңесінің мүшелерін қосып бірнеше экспедициялық топтар құрып жатырмыз. Олар аймақтарға барып, насындарды көріп, ондағы тарихшылармен, өлкетанушылармен кездесе отырып, нысандардың маңыздылығын анықтап шығады. Бір ескеретін нәрсе, тек қазаққа ғана қатысты емес, біздің даламызда болған өзге ұлт өкілдеріне қатысты құнды дүниелер немесе құнды деректер болса ол да енгізіледі. Мысалы, Алматыда тарихы тереңде жатқан шіркеулер бар, оларды қалай ерекше рухани нысан ретінде кіргізбейміз?
-Осы тарихи, рухани нысандардың өзін екіге бөліп қарастырып жатыр екенсіздер... Бұндағы мақсат не?
-Иә, солай шартты түрде екіге бөлдік. Оның бірі – жалпыұлттық, ал екіншісі - аймақтық маңызы бар нысандар. Жалпыұлттық қасиетті жерлердің тізіміне аймақтық тізімдегілердің көбісі енгізілмейді. Әуелбастағы мақсат не еді? Мынау жаһандану заманында көпшілігіміз, әсіресе жастар әлеуметтік желіге немесе бір батыстық құндылықтарға көбіі біздің ұлттық құндылықтардан ауытқып кетіп барады. Өзіміздің мына ұлттық дәстүрімізден алшақтап бара жатқаны байқалады. Сонымен қатар біздің өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың өзі кезінде толыққанды мемлекеттік деңгейде бекітілмеген соң мысалы өзіміздің қасиетті, киелі жерлерге байланысты, бір идеологиялық жұмыс болмаған. Мынау міне, сол үлкен идеологиялық жұмыстың бір қыры. Бізде көбінесе географияға көбірек көңіл бөлініп – мына ескерткіштерге, тарихи орындарға қарай ауып кетіп жатыр. Ал шын мәнінде Елбасының мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» деп аталады бұл жоба. География емес. Бұл жобаның мақсаты – осы қасиетті рухани құндылықтарды жаңғырту жәй ғана ескерткіштерді айтып, сонымен шектелу емес. Түгелдеп, тізімдеп, реставрация жасап, оның туристтік картасын жасап сонымен шектелуге болмайды. Ең бастысы – осы тізімге кірген, белгілі бір рухани құндылықтарды білдіретін нысандарды құндылықтардың нышаны, символы ретінде қарауымыз керек. «Бүкіл қасиетті жерлердің өзара сабақтастығын жасау. Оларды біртұтас кешен ретінде орнықтыру», - дейді Елбасының мақаласында. Бүгінгі таңда, еліміздің әр бұрышындағы киелі жерлер, сол бір өңірдің ғана аумағында қалған. Батыс болсын, оңтүстік болсын сол аймақтың ғана құндылығы, сол аймақтың ғана киелі жері сияқты. Ал бұл жерде жалпыұлттық құндылыққа айналдыру көзделген. Ол үшін БАҚ, музейлер, мектептер жалпы мемлекеттіктетіктердің бәрін қосқанда, бір ортақ киелі құндылықтар қалыптасады. Мысалы, Бекет ата, Әзірет Сұлтан, Берел, Жамбылдағы Қарахан, Айша бибі, бұлардың бәрі жеке жеке сол өлкелер үшін ғана емес, жалпыұлттық құндылықтарға, жалпы қазақ баласына ортақ құндылықтарға, ортақ символдарға айналуы тиіс. Ұлттық сананың қалыптасуы үшін, осындай ортақ символдар мен ортақ құндылықтар қалыптасуы керек. Біздің осы жобаның саяси міндеті - сырттан келіп жатқан діни ағымдарға, дәстүрлі Ислам дініне қайшы келетін ағымдарға, басқа да діндердің атын жамылған секталарға шектеу қою, тосқауыл болу. «Соларға ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз», - дейді Елбасы, өзінің мақаласында. Ол біздің қасиетті жерлерімізге Әзірет Сұлтанға, Арыстан бабқа басқа да сол жердегі қасиетті орындарды аралап, Батыстағы, Оңтүстіктегі, Шығыстағы біздің бүкіл тарихымызды біліп, мақтаныш сезімін ояту...
-Жарты жылға жуық уақыт аралығында біраз шаруа жасалған екен. Алда қандай жоспарлар бар?
-Қазір ең бірінші кезекте осы нысандарды аралап шығатын экспедиция жіберу керек. Ол экспедицияның құрамы жасақталып жатыр. Осы қыркүйек-қазан айларында біз аймақтарға барып, ғалымдарды, мамандарды ертіп, сол жерлердегі өлкетанушылармен кездесіп, тізімдегі нысандарды құжаттап, оларға қатысты аңыз-әңгімелерді жазып, қағазға түсіріп қайту керек. Археологиялық жерлердің бәрінде жазбалар жүргізіледі. Ал сол археологтардың нысандарына кірмейтін жерлер бар, ғылымға жатпайтын, өзендер, көлдер, үңгірлер бар дегендей. Олар ғылымға жатпайды, мистикалық нысандар. Оларды да біз ескеруіміз керек, білуіміз керек. Сондықтан, бұл тізім алдағы уақытта көбеюі де мүмкін. ҚР Мәдение және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы осы мәселелерге ерекше көңіл бөліп, арнайы қаржы бөлдіріп, өзі бақылап отыр. Бізге де шұғыл тапсырмалар берді. Екінші бір үлкен жұмыс, биыл жылдың соңына дейін қасиетті жерлердің энциклопедиясын шығару жоспарланып отыр. Биыл І-ші томы шығады. Оған Астана қаласы мен Ақмола облысы және Алматы қаласы мен Алматы облысы кіреді. ІІ-ші томға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кіреді. Сөйтіп, аймақтық ерекшеліктерге және алфавиттік ретке байланысты бөлініп отыр. Сонда 2021 жылға дейін, 5 жылдың ішінде V том шығаруды көздеп отырмыз. Одан бөлек қазір қасиетті жерлердің интерактивті картасы жасалып жатыр. Оның сыртында бейнероликтер, фильмдер түсіру де қолға алынып жатыр. Бұның бәрі тек биыл ғана. Ендігі жылға да осы секілді нақты жоспарлар бар.
Әңгімеңізге көп рахмет!
Сұхбаттасқан Дәулетхан Қыдырбайұлы
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес