- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті православтарды Рождество мерекесімен құттықтады
ҚР Президенті православтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Қымбатты отандастар!
Православ христиандарын және барша қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке көптеген ғасырлар бойы адамдардың жүрегін ең жарқын сезімдерге – жақыныңа деген сүйіспеншілік пен мейірімге толтырып, үнемі бейбітшілік пен жақсылыққа, ізгі ниет пен игі істерге жетелеп келеді.
Бұл мәңгілік рухани құндылықтар барлық діндердің өкілдерін біріктіреді. Олар Қазақстанның бүкіл жетістіктері мен дамуының берік негізі болып саналады.
Болашаққа бағыт ұстаған еліміздің қайталанбас келбетін қалыптастыра отырып, түрлі мәдениеттер мен салт-дәстүрлер бір-бірін байытып жатқан біздің қоғамның күші бейбітшілік пен келісім іргетасына табан тірейді.
Қазақстан барлық этностардың өзіндік жарқын болмысы мен бекем бірлігі арасындағы үйлесімділікті сақтап, әлеуметтік-экономикалық дамуды нығайта отырып, қарыштап алға басып келеді.
Рождествоны мерекелеу ізгілікпен және игі істермен байланысты. Бұл өзара көмек дәстүрі мен өзара сый-құрметті әрдайым басты орынға қоятын барша халқымыз үшін маңызды.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап толеранттылық және конфессияаралық диалог Қазақстанның негізгі басымдығы болып келеді. Біз православиені ұстанатын отандастарымыздың ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.
Осы ізгі мерекеде баршаға татулық пен сүйіспеншілік, бақыт, игілік пен бақ-береке тілеймін!
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады