Рухани жаңғыру

ШҚО-да "Рухани жаңғыру" аясында 142 әлеуметтік жоба іске асырылуда

Шығыс қазақстан облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында демеушілер мен меценаттардың қаражаты есебінен 157 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Шығыс Қазақстан28 Тамыз , 17:16

Ағымдағы жылы өңірде демеушілер мен меценаттардың қаражаты есебінен 5,6 млрд теңге сомасына 157 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Бұл әлеуметтік объектілерді салу, қайта жаңарту және заманауи жабдықпен жарақтандыру, ауылдар мен қалаларды абаттандыру. 

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, бүгінгі күні 8,8 млрд теңге сомасына қаржыландыруды талап ететін тағы 142 жобаның тізімі құрастырылған, 186 инвестор мен 22 ірі әріптес-кәсіпорын анықталған. 

Бұдан бөлек, көмекті (материалдық, медициналық, заңгерлік және т.б.) қажет ететін тұлғалар қоры қалыптастырылуда. 

Еске сала кетейік, ШҚО-да "Рухани жаңғыру" өңірлік бес жылдық бағдарламасы іске асырылуда, оған «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша 61 жоба енген. Барлық бағыттар бойынша жаңа жобаларды әзірлеу жалғасуда. 




Яндекс.Метрика