- Басты
- Жаңалықтар
- Темір жолды сандық жүйеге көшіру бәсекелестікке бейімдейді
Темір жолды сандық жүйеге көшіру бәсекелестікке бейімдейді
Б. Қотырев баяндамасында көліктік-логистикалық сапалы қызмет көрсету жағдайында инфрақұрылымды сапалық жоғары көрсеткішке жеткізу, сервис пен ортаны институционалдық тұрғыда дамыту көзделетіндігін атап өтті.
Оның ішінде кедендік ресімдерді жеделдету, логистикалық қызмет аясын кеңейту, жүкті тасымалдау тізбегінің өн бойында оны тұрақты бақылаудың мүмкіндігін жасау керек.
Осы мақсатта көліктік-логистикалық кешені қызметін сандық жүйеге көшіру тасымалдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Операциялық қызметтерді азайтуға ықпал етеді. Қызмет сапасын көтереді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ осы және басқа да факторларды пайдалана отырып инновациялық және технологиялық дамудың кешенді шараларын қолға алады. Компанияда бизнесті кезең-кезеңімен өндіріске енгізіледі»,-дейді Б. Қотырев.
Теміржол саласында бірқатар жаңа технологиялық платформалар оның ішінде Multirail жүйесі, АСУ «Келісім шарт және коммерциялық жұмыстар» және «Энергодиспетчерлік тартым» өндіріске енгізілуде.
Мемлекет басшысының биылғы жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілгендей «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Цифрлық темір жол» стратегиясын түзді.
«Ол стратегия бойынша Компанияда сандық бизнес-моделді жүк және жолаушылар тасымалдау, инфрақұрылым және көлік логистикасы операциялық сегментіне енгізу қарастырылады»,-дейді Компанияның Бас инженері.
Оның айтуынша, мультимодальдық тасымалды басқару жүйесіне және көлік логистикасы секторы терминалдарында, теміржол көлігімен тасымалдау қызметтеріндегі басқару және жоспарлау инттелектуальдық жүйесі өндіріске енгізіледі. Инфрақұрылымды басқару ісінде АСУ «Магистраль» базасындағы диагностикалық жоғары технологиямен бақылау орнату, теміржол бойына LTE-Rстандарты базасында сымсыз ақпараттық қатынас орнату маңызды рөл атқарады.
Жолаушылар пойыздарында ғарыштық интернет жүйесін енгізу және вокзалдарда сандық қызмет көрсету құрылғыларымен жарақтандыру, билеттерді толыққанды электрондық сатуға көшіру, жолаушыларға жоғары деңгейлі сапалық қызмет көрсетіледі.
Соңғы үлгідегі ақпараттық технологияларды өндіріске енгізу «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басым бағыттарына жатады. Жаңа технологиялар өндіріс үдерісіндегі тиімділікті көтеруге мүмкіндік әпереді. Қызмет көрсету көлемі мен сапасы көтеріледі. Тапсырыс берушілерге сұранысына лайық қызмет көрсету мен бәсекелестікке бейімділік өседі.
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Түрік тұтастығының темірқазығы (2-бөлім) -
Ғибратты жолдың ғанибеті -
Түрік тұтастығының темірқазығы (1-бөлім) -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
Автожолдың ахуалы қандай -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
ШОБ-ты қолдау: салықтық ынталандыру, әкімшілік жүктемені азайту, қызметтерді электронды форматқа көшіру -
Қазақстанда автомобиль, теміржол, авиaция сaлaсында қaндай өзгерістер орын алмақ -
Пандемия кезінде темірдей тәртіп қажет – сарапшы -
А.Көлгінов: Ұйымдар қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі қажет -
Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды