ШЫҰ Астанада Инновациялардың халықаралық орталығын ашуды жоспарлауда

28 Тамыз, 2017 12:46
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Астанада Инновациялардың халықаралық орталығын ашуды жоспарлауда.Бұл туралы Қытайдың жаңа Еуразиялық холдингінің бас директоры, бірлескен инновациялар сарапшысы Сунь Ли Жібек Жолы инновацияларының халықаралық форумында мәлімдеді.

«ШЫҰ Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысып жатыр.  Көрмеде ШЫҰ көрмесі таныстырылды.  Онда негізгі үш міндет бар: бірінші, ШЫҰ туралы барынша көп келушілер білуі керек, екіншіден, Шанхайлық рухтың таратылуы, үшіншіден, ШЫҰ елдері аясында қарым-қатынастың жақсаруы. Болашақ энергиясының көзі инновация мен ҚХР-дың соңғы  40 жылдағы даму тәжірибесі, ал Қазақстанда инновация мен ЭКСПО тақырыпқа сәйкес барлығы өзара байланысты. Биыл Қытай Қытай ШЫҰ-ға төрағалық етеді, біз бірлескен инновациялық даму бастамасын дамытатын боламыз. ШЫҰ инновациялары  мен оның тәжірибесі барша әлемге таратылады», - деді Сунь Ли.

Ол айтып өткендей, ШЫҰ Астанада халықаралық инновациялық  орталық құруды ұсынып отыр.

«Инновация аясында  инновацияның ең мықты жобасы құрылады. Астана ең инновациялы қала бола алады. Көрме өткен соң, ЭКСПО алаңы  қаржы орталығына айналады. Біз аталмыш алаңда  халықаралық инновациялық орталық  құруды ұсынып отырмыз. Ол жерге  әлем бойынша  алдыңғы қатарлы инновациялар жеткізіледі», - деді Сунь Ли.

Еске сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) павильонында Қытай кәсіпкерлерінің балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалармен кездесуі өтті. Осы күні қайырымдылық аптасы басталды, оның аясында күн сайын 20 баладан ЭКСПО көрмесіне барып, мектепке арналған заттар алады.  Форумға қатысуға Қытай, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен басқа да елдерден 150-ден астам қонақ келді.

Қайрат Жандыбаев

 

Барлық жаңалықтар