Депутат қызылордалықтармен ауыл шаруашылығын дамытуды талқылады

28 Тамыз, 2017 15:12
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысында жұмыс сапарында болды. Депутат қызылордалықтармен ауыл шаруашылығын дамытуды талқылады.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай,  сенатор Шиелі ауданындағы ауылшаруашылығы кооперативтерінің басшыларымен және кәсіпкерлерімен кездесіп, «Сыбаға», «Егінжай», «Игілік», «Бірлік», «Береке» бағдарламаларының іске асыру жайын талқылады. Кездесуге қатысушылар саланы мемлекеттік қолдаудың тиімді екеніне тоқталды.

Атап айтқанда, су тоспасы салынғаны және 30 мың гектар аумақтағы жергілікті егін шаруашылығына пайдасы жайында айтылды. М.Бақтиярұлы «Алтын Дән – Шиелі» шаруа қожалығында атқарылған игі істермен танысты.

Балаби ауылының тұрғындарымен кездесуде елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Сенатор алдағы уақытта республикалық бюджетті қалыптастыру аясында осы мәселе талқыға салынатынын айтты.

Сондай-ақ,  Сенат депутаты Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында жұмыс бабындағы сапарда болды. Сапардың басты мақсаттарының бірі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұны талқылауға арналды.

Депутат кездесулерде ұлттық код пен отбасы құндылықтарын сақтау қажеттігіне назар аударды.

 Шара барысында Ә. Бектаев Мемлекет басшысы мақаласының мазмұнына қатысты, саяси және әлеуметтік реформалардың жалғасы және «Туған жер» бағдарламасын іске асыру туралы жергілікті тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
 

Барлық жаңалықтар