Алматы облысында 64 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

7 Қаңтар, 2014 10:30
Қарасай ауданындағы «Алтын ауыл» шағын ауданында сегіз қабатты 64 пәтерлі жалдамалы үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа қоныс тойын тойлау «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру аясында мүмкін болды. 

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жарас Қатубаевтың айтуынша, тұрғын үйді «Болашақ-Сәулет» ЖШС тұрғызған. Аталмыш нысанның жалпы сметалық құны - 432 млн 696 мың теңге, инженерлік коммуникация жүргізуге республикалық бюджеттен 10 млн теңге бөлінген, ал облыстық қазынадан жеті миллоннан артық. 

 

Барлық жаңалықтар