- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық ауруханаларға бір жарым миллион доза тұмауға қарсы вакцина түседі
Қазақстандық ауруханаларға бір жарым миллион доза тұмауға қарсы вакцина түседі
Бірыңғай дистрибьютор басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, вакцинаның мұндай көлемін жеткізуге шарт тендер қорытындылары бойынша 2016 жылдың қараша айында жасалып қойған. Халықтың неғұрлым осал тобына тегін вакцинация жасау үшін мемлекет 1,2 млрд теңгеден аса қаражат жұмсады.
Дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» 2017 жылғы эпидемиологиялық маусымға бір жарым миллиондай дозада тұмауға қарсы вакцина сатып алған.
«Сатып алуларды жүзеге асыру өткен жылдың күзінде орын алған болатын, алайда жеткізу ол бастан эпидемиялық маусымның ең басына, яғни 2017 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Қазір осы мезгіл жетті және жақын арада өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына вакцинаны түсіру жұмыстарын бастайды», - деп түсіндірді Максим Касаткин.
Ол, сонымен қатар, қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда өнім беруші қазақстандықтар үшін тағы да жарты миллион дозаға дейін вакцина жеткізе алатынын хабарлады.
Айта кету керек, біздің елімізде тұмау вирусынан халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Вакцинациямен қамту арқасында Қазақстанда ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде үш жарым есе төмендеген.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын