Қызылорда облысында 10 ескерткіш макросакралды нысан құрамына қосылды

28 Тамыз, 2017 15:53
Елбасы мақаласынан туындайтын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындағы «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті орындары» республикалық тізіміне облыс бойынша 63 табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштер ұсынылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы таңдап алған республика бойынша 100 макросакралды обьектіге  біздің облыстан 10 ескерткіш енгізілді. (Жанкент, Сығанақ, Шірік рабат, Жент қалашықтары, Қорқыт ата мемориалды кешені, Христос-Спаситель шіркеуі, Оқшы ата, Қорасан ата және Қылышты ата кесенелері, Бегім ана мұнарасы)», - дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахманов.

Сонымен қатар Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарына  археологиялық қазба жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілсе, биылғы жылы жаңадан Сортөбе, Жент қалашықтары мен Кердері кесенесіне қазба жұмыстары жүргізілуде.

 

Барлық жаңалықтар