- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында үшауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
Қызылорда облысында үшауысымды мектептердің мәселесі шешіледі
М.Нәлібаев ауылындағы мектептің ашылуына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында білім саласына аса көңіл бөліп отыратынын өздеріңіз білесіздер. Облыс көлемінде жыл сайын жаңа мектептер пайдалануға берілуде. Осылайша апаттық жағдайдағы мектептерді жоюға қол жеткізіп келеміз»,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Айта кету керек, мектеп 2000 жылы асар әдісімен салынып, оның құрылысына ауыл тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар атсалысқан. Кезек күттірмес шараларды қолға алудың нәтижесінде 300 орындық типтік жобадағы жаңа мектеп бой көтерді.
Дәл осы күні, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында жаңа мектеп ашылып, оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Білім ұясы 300 орындық және осыған дейін апаттық жағдайда болған. Айта кету керек, Жаңақорған ауданының өзінде биылғы жылы осы тәріздес 6 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Айта кетейік, Қызылорда облысында үш ауысымдық білім беру жүйесі жойылып, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту мәселесі шешілді. Жыл соңына дейін апатты жағдайдағы мектептер санын толықтай шешу жоспарланып отыр.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі