Алматыда сауда- фермерлік орталық ашылды

28 Тамыз, 2017 10:58
Алматының Түрксіб ауданында жалпы алаңы 40 мың шаршы метрден асатын «Mart Village» жаңа сауда- фермерлік орталық ашылып, 2 мың жұмыс орны пайда болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек сауда нысанында болғанында  сауданы өркенниетке көшірудің  тағы бір қадамының жүзеге асқанын атап өтті.   

«Алматы – сауданың қаласы, барлық кәсіпорындардың 30%-ы  істің осы түрімен қамтылған, мегаполистің ЖӨӨ-нің 32%-ын сауда құрайды, сондықтан біз үшін кәсіпкерлерге жағдай жасау және екінші жағынан тұтынушы сұранысын ынталандыру өте маңызды. Заңсыз, жабайы саудадан,  өрт қауіпсіздігі,  санитарлық нормалар  сақталмайтын базарлардан заманауи, жайлы сауда орталықтарына көшкен жөн, өйткені  бұлардағы әрбір кәсіпкер салық төлейді», - деді әкім.  

Мегаполис басышы салықтардың әлеуметтік міндеттерді орындауға және тұрғындар мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүейсі енгізілуде, конвертпен ақша алатындар әлеуметтік жағынан қорғалмағандар, ертеңгі күні оларға ауруханалар қызмет көрсетпейді, өйткені  еш жерде тіркелмеген», -деді  ол.

Жалпы, 2015 жылдан бастап 13 базар  жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы да алтауы қайта жасалады. «Mart Village»  аумағында фермерлік базармен қоса 450 киім, аяқкиім, үй тауарлары, бақша магазиндері, құрылыс материалдары, элетроника мен тұрмыстық техника  гипермаркеттері бар. Жақын маңда 900 маши- орындық жер үст паркингі  қарастырылған.

«Біз   сирек  кездесетін және құнды тауар болса орынды жалға тегін береміз, сонымен қатар  сауданың стационарлық емес обьектілерінің иелеріне жеңілдетілген жағдайда орындар ұсынамыз», -  деді жаңа сауда орталғының директоры  Руслан Ерекешов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар