- Басты
- Жаңалықтар
- Эфиопия жылу энергиясын өндіретін электр станцияларын енгізуді жоспарлауда
Эфиопия жылу энергиясын өндіретін электр станцияларын енгізуді жоспарлауда
Жаңартылатын энергия көздері – Эфиопияның дамуының негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет электр энергиясынан басқа жылу энергиясын да өндіруге қабілетті электр станцияларын енгізуді жоспарлап отыр.
Эфиопияның Сыртқы істер министрлігі Еуропамен байланыс департаментінің бас директоры – Елші Тесфае Йилманың айтуынша, республика ЭКСПО-2017 көрмесіне үлкен мән береді. Біздің планетамызда қазіргі уақытта жаһандық бірлескен күш салу арқылы ғана шешілетін экологиялық проблемалар орын алуда, сондықтан бұл көрме уақтылы өткізіліп отыр.
«Қазақстан өңірде көшбасшы позиция алып отыр және ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбын дұрыс таңдай отыра, тұрақты дамудағы өз жолын көрсетуде. Эфиопия Қазақстанды осы бағытта толық қолдайды. ЭКСПО-2017 алаңы жаңа энергетикалық технологиялар саласында озық тәжірибе алмасу үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынып отыр», - деп атап өтті Эфиопияның Сыртқы істер министрлігі Еуропамен байланыс департаментінің бас директоры.
Ол Эфиопияның жаңартылатын энергия көздерінің орталығы болуға ұмтылып, ол үшін барлық қажетті қадамдарды қабылдап жатқаны туралы айтты.
«Қазіргі уақытта біз қуаттылығы 6,400 МВт болатын бөгет салып жатырмыз. Бұл Африкадағы ең үлкен гидроэнергетикалық жоба. Эфиопия 8 жыл ішінде қуаттылығы 4000 МВт гидроэлектроэнергия объектілерін, қуаттылығы 325 МВт жел станцияларын, қуаттылығы 50 МВт қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін және қуаттылығы 70 МВт геотермалды энергия объектілерін пайдалануға енгізе алады», - деді Тесфае Йилма мырза.
Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі Жанат Ешмағамбетов көрме әлемнің үздік ғылыми және техникалық жетістіктерін жинағанын атап өтті.
«Бүгін біз осындай әлемдік деңгейдегі ауқымды іс-шараны ТМД және Орталық Азия елдері арасынан бірінші болып өткізіп жатырмыз. "Жасыл көпір" әлем бойынша экологиялық таза экономиканы дамыту мен тарату проблемасының бір шешімі болып табылады. Біз Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қолдау көрсеткені үшін Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасына алғыс білдіреміз», - деп қорытындылады вице-министр.
Эфиопия қазіргі уақытта өзінің гидроэнергетика, жел энергиясы, геотермалды энергия, күн энергиясы, биомасса энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздерін жылдам дамытуда. Мемлекеттің экспозициясы Африка Плазасында ұсынылған. Ел ЭКСПО-2017 көрмесі аясында баламалы энергия көздері саласындағы ең жаңа әзірлемелерімен таныстыруда. Көрмеге келушілер сондай-ақ Эфиопияның мәдениетімен және тарихымен де таныса алады.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады