- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қалай қолдау көрсетеді (ШОЛУ)
Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қалай қолдау көрсетеді (ШОЛУ)
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік саясаттың жанды жері болып табылады, себебі жыл сайын мүгедектердің қатары артып келеді, оның ішінде балалар да бар. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен білімнің, жұмысқа орналасу мәселелері де жоқ емес.

Айта кетерлігі, Қазақстанда мүгедектер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі азаматтар мүгедектіктің дәрежесін анықтау үшін медициналық ұйымдарға қаралмай жатқан кездері де болады. Оған себеп: жұмыс орнынан айырылу қорқынышы, мүгедектің дәрежесін алу қорқынышы мен қағазбастылықтан сақтану т.б. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, халықтың орташа мүгедектігі 15 пайызды құрайды, Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 пайызға тең.
Өңірлік көрсеткіште Оңтүстік Қазақстанды бөліп айтуға болады, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 112 292 адам мүгедек болып танылды (бұл халықтың 3,9% үлесі), оның 17 мыңнан астамы кәмелеттік жасқа толмағандар. Айта кетерлігі, жыл санап алғаш мүгедек болып танылғандар саны артуда, орташа есеппен аталмыш көрсеткіш 8-9 мың адам арасында тұр. 2015 жылы облыста 9191 адам мүгедек болып танылды, оның 2517-сі бала.

Мүмкіндігі шектеулі жандар бар негізгі проблемалық аймақты таңдау үшін БАҚ жарияланымдарына 2016-2017 жылдарға контент-сараптама жүргізілді.
Біріншіден, жұмыспен қамту, мүгедектерді жұмыспен қамтумен қатар мүгедек балалары бар ата-аналарды жұмыспен қамтамасыз ету проблемасы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 112 мың мүгедек жұмыспен қамтылған, оның ішінде 406 мың мүгедек жұмысқа қабілетті жаста.
Екіншіден, БАҚ-та ең көп айтылатын мүгедектер проблемасы Оңтүстік Қазақстан бойынша баспанамен қамту. Айта кетерлігі, аталмыш проблеманы жергілікті атқарушы органдар мойындап отыр.
Үшіншіден, әлеуметтік орындардың қолжетімділігі, оның ішінде білім беру мен оңалту. Мәселен, ОҚО-ның Мақтарал ауданында мүгедектер саны жыл санап көбейіп келеді, әсіресе, балалар арасында артуда. Жыл сайын ауданда 750 адам мүгедек болып танылады, оның ішінде 230 бала.

Ауданда осынша мүгедек бола тұра, ауданда емдеу мекемесі беруі ғана, оған 29 адам ғана сыяды.
Айта кетерлігі, облыста нысандарды паспорттау мен бейімдеу жүзеге асырылуда. 2012 жылдан бастап 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін өңірде 4095 нысан паспортталды.
Осылайша, мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік көмектің мәселесі қоғам мен мемлекеттік инклюзивтендіру болып отыр. Өз кезегінде, мүгедектерді ықпалдастыруды қазақстандық қоғамда жүзеге асыру адами капиталдың бәсекелестігін арттыру механизмі болып отыр.
Үрпекова Әмина
«Парасат» Жүйелік зерттеу институтының сарапшысы
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі