- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай кәсіпкерлері Астанада қайырымдылық акциясын өткізді (ФОТО)
Қытай кәсіпкерлері Астанада қайырымдылық акциясын өткізді (ФОТО)

Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Қытайдың мейірімді жүрегі» қайырымдылық акциясы ШЫҰ павильоны шаралары аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде өтіп жатыр. Аталмыш шараның басты ұйымдастырушысы G-Global, «EXPO-Women» халықаралық ұйымы мен ШЫҰ ұйымдастыру комитеті.

Акция аясында Қытайдың іскер әйелдері ШЫҰ мен G-Global ұйымдастырушы комитетімен бірігіп ШЫҰ елдерінің бірлескен қайырымдылық акциясын өзара достықты дамыту мақсатымен жүзеге асырып отыр.
«Бүгінгі таңда ШЫҰ елдеріне мүше халықтар қайырымдылық акциясын өткізетін бастаған қозғалыс бар. Аталмыш акция аясында, сондай-ақ, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында онкологиялық диспансерде орналасқан көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша шаралар өткіземіз. Балалар үшін арнайы бағдарлама әзірленді, ЭКСПО аймағы бойынша экскурсия өткізіліп, ыстық тамақ беріліп, мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Аталмыш шара бір апатаға созылады, осы уақыта аралығында 125 баланы қуантамыз. Шараға Қазақстан мен Қытайдың іскер әйелдері белсенді қатысып жатыр. Бүгін Қытайдан 25 әйел кәсіпкер келді. Біз Қазақстан атынан оларға алғысымызды айтамыз», - деді G-Global халықаралық хатшылығының төрағасы Серік Нөгербеков.
Ол айтып өткендей, 2019 жылы Қытайдағы ЭКСПО-да аталмыш акция өткізілуде, оған Қазақстан кәсіпкерлері жіберіледі.
Өз кезегінде, «Yufit» Қытай ғылыми-техникалық компаниясының бас директоры Лин Вэй Цзянь айтып өткендей, ШЫҰ елдерінің бірлескен қайырымдылық акциясы «Бір белдеу, бір жол» жобасына жетелейтін елдер болашағының кепілі.

««Yufit» компаниясы бүгінгі шараға қатысып жатқандығы қуантады. Бірлескен қайырымдылық адамзаттың бейбіт дамуына септігін тигізеді. Аталмыш шараға өзіміздің үлесімізді қосып жатқаны қуантады. Біздің компания Жібек Жолы елдерінің халықаралық қорына 10 млн теңге бөлді. Біз Қазақстан балаларына көмек көрсетуді жалғастырып, достықтың жалғасуына үміттіміз», - деді Лин Вэй Цзянь.





Қайрат Жандыбаев
Фото: автор
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды -
Мемлекеттік хатшы: Елімізде қайырымдылық рейтингісі жасалып, волонтерлер ынталандырылуы қажет -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
Қазақстандықтар бүкіләлемдік «World cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты -
COVID-19: 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Президент Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға байланысты кеңес өткізді -
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай -
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда таралған жаңа пневмония туралы хабарламаны жоққа шығарады -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады