• Басты
  • Мексика СІМ: ЭКСПО Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуын көрсетеді
28 Тамыз, 2017 08:41

Мексика СІМ: ЭКСПО Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуын көрсетеді

ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында Мексика Құрама штаттарының Ұлттық күнін атап өту рәсімі өтті.
Мексика СІМ: ЭКСПО Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуын көрсетеді

Көрменің медиа-орталығында хабарлағандай, соңғы он жыл ішінде жылдам қарқынмен өскен Мексиканың жаңартылатын энергетикалық секторы едәуір инвестицияларды тартады. Өткен жылы Мексикада өндірілген электр энергиясының 18 пайызы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген және ел мұнымен тоқтамайды.  

Мексиканың сыртқы істер министрінің орынбасары Де Икаса Гонзалез Карлостың айтуынша,  Мексика ШЫҰ, ЕАЭО, ЭЫДҰ, ДСҰ сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдарда Қазақстанның өсіп келе жатқан беделін қолдайды. 

«Болашақтың энергиясы» тақырыбы елде ЖЭК жобаларын ілгерілету, сондай-ақ осы секторға инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан саясатпен тығыз байланысты. Өткен жылы ғана электр энергиясының 18 пайызы ЖЭК арқылы өндірілген болатын», - деп атап өтті ол. 

Бұдан бөлек, оның айтуынша, Мексика энергетика реформасын өзгерту процесін жүзеге асырды. 

«Біздің Үкіметіміз энергетика реформасын өзгертудің өте маңызды процесін алға шығарып, жүзеге асырды десек, артық айтқан болмас. Өзгеріс жеке инвестициялар, жаңа технологиялар мен халықаралық бәсекелестік үшін сектор ашу үшін конституциялық негіздерді жаңартуға бағытталған. Мексика энергетикалық секторының ашылуы шетелдік инвесторлардың газ және мұнай жобаларына ғана емес, сонымен қатар ЖЭК жобаларына да назарын аударуға мүмкіндік берді», - деді Де Икаса Гонзалез Карлос.

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Мексика сияқты Латын Америкасы елдерінің жаңартылатын энергия көздері саласындағы саясаты мен жетістіктері басқа энергетика нарықтары үшін өте құнды тәжірибе болып табылатынын атап өтті.

«2004 жылдан бастап Латын Америкасының осы өңірінде жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар 11 есе өскен. Мексика сияқты Латын Америкасы елдерінің жаңартылатын энергия көздері саласындағы саясаты мен жетістіктері басқа энергетика нарықтары үшін өте құнды тәжірибе болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесінде осы бағыттағы тәжірибені көрсету оны қажет ететін елдер үшін аса маңызды», - деп атап өтті Ержан Ашықбаев.

Ұлттық күнді атап өту аясында көрме қонақтарына ауқымды мәдени бағдарлама ұсынылды. Сахнада қазақстандық қобызшы Ақерке Тәжібаева мен Preciado Ballet би тобы өнер көрсетті.

Медиа-орталықтың мәліметі бойынша, соңғы бірнеше жыл ішінде Мексика климаттың өзгеруі проблемаларын шешуге бағытталған бірқатар саяси шешімдер қабылдаған. Мексика климаттың өзгеруі мәселелері бойынша барлық халықаралық конференциялар мен конвенциялардың белсенді қатысушысы болып табылады. 

Барлық жаңалықтар