- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Мексика алғашқы СІМ аралық консультациялар өткізді
Қазақстан және Мексика алғашқы СІМ аралық консультациялар өткізді
ҚР СІМ-де хабарлағандай, Қ. Әбдірахманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Латын Америкасы және Мексика елдерімен қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға көп көңіл бөлетінін атап өтті.
«Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы екінші ірі сауда әріптесі болып табылады. Біз сауда және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде энергетика, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниеттіміз», - деп атап өтті министр.
Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов Мексиканың сыртқы істер министрі Луис Видегарайды Қазақстанға сапармен шақырды.
Тараптар екі мемлекеттің халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша позицияларының ұқсастығын, сондай-ақ көпжақты форматта жемісті өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті. К. де Икаса Астананың жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қосқан үлесін, Қазақстанның Астана процесі аясында Сириядағы дағдарысты шешу бойынша барынша күш салуын атап өтті.
Қазақстан-Мексика СІМ аралық саяси консультациялар сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтті. Қазақстандық тарапты сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев танытты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы