- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның СІМ басшысы бірқатар кездесулер өткізді
Қазақстанның СІМ басшысы бірқатар кездесулер өткізді
ҚР СІМ-де хабарлағандай, Қ. Әбдірахманов Астанада "Болашақтың энергиясы" жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталығын құруда ЮНЕП-тің қолдау көрсетуін атап өтті. Алматыда көпжақты дипломатия өңірлік хабын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«Қазақстан Юнеп-пен бірлесіп, қоршаған орта проблемаларын шешу бойынша жобаларды іске асыруға одан әрі белсенді қатысуға ниетті», - деп атап өтті министр.
Өз кезегінде Э. Солхейм Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманның күрделі дауларын реттеуге бітімгерлік күш салуын, сондай-ақ оның халықаралық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ауқымды бастамаларын ерекше атап өтті.
Кездесуде БҰҰ Бірінші комитеті аясында жаһандық қарусыздандыру, киберқауіпсіздік және өзара іс-қимыл проблемалары талқыланды.
Қ. Әбдірахманов Ғылым және халықаралық істер бойынша ғалымдардың Пагуаш қозғалысының президенті Джаянт Дханапаламен және БҰҰ Бас хатшысының қарусыздандыру мәселелері жөніндегі бұрынғы орынбасары Ангела Кейнмен кездесті. Қазақстандық министрдің айтуынша, 25-29 тамызда Астанада өткізілетін Пагуаш қозғалысының мерейтойлық конференциясы ірі оқиғаға айналып, жаһандық қарусыздандыру мен таратпау ісіне үлкен үлес қоспақ.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуровпен кездесуде мемлекеттердің басшылары, министрлер мен қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары деңгейінде ҰҚШҰ отырыстарын өткізу, сондай-ақ 2018 жылы Қазақстанның Ұйымға төрағалық етуінің басымдықтарын жоспарлау мәселелері қаралды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды