- Басты
- Жаңалықтар
- Тамырымыз – рухани ұлттың келбеті – Д.Мыңбай
Тамырымыз – рухани ұлттың келбеті – Д.Мыңбай
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында кез келген нәрсені әркім өзінен бастауы керек деген жері бар. Әрбір адам өзінің ісіне тиянақты болуы керек. Біз өз жұмысымызды өзге өркениеттермен, елдермен салыстырмалы түрде қарағанымыз арқылы еңбектің сапасы жақсара түседі», - деді Д. Мыңбай.
Сондай-ақ, ҚХА төрағасының орынбасары дәстүрдің қасиетіне тоқталды.
«Дәстүрге келетін болсақ, біздің халқымыз дәстүрге көп көңіл бөлген.Қалыптасқан дәстүрден ажырап қалғаннан кейін, өзіміз жұтылып кететіндей, бар қасиеттен айырылып қалмас үшін тамырымызды зерттеп жатырмыз. Тамырымыз-рухани ұлттың келбеті. Жоғарыдан тапсырма береді деп күтудің қажеті жоқ, саннан бұрын сапаға көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, атқарып жатқан жобалардың атын өзгерте салып, науқаншылыққа салып жатқандар да кездеседі, олай болмайды. Бұның барлығы бақылауда, ұлттық комиссия, қоғам қарап отыр. Зиялы қауымның көзі ашық қазір. Кімнің осы іспен айналысып отырғанын көріп отыр. Егер адам ізгі іс бастаса, ол өзі үшін ғана емес, ұлты үшін де пайдалы болуы керек», - Д.Мыңбай.
Аягөз Құрмаш
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр