- Басты
- Жаңалықтар
- Қасиетті Қазақстан жобасы ескерткіштерге емес, рухани құндылықтарға арналған кешенді жоба – Б.Әбдіғали
Қасиетті Қазақстан жобасы ескерткіштерге емес, рухани құндылықтарға арналған кешенді жоба – Б.Әбдіғали
«Қасиетті Қазақстан жобасының ерекшелігі ол ескерткіштерге арналған жоба емес, ол рухани құндылықтарға байланысты кешенді жоба. Оның өзектілігі, қоғамымызда рухани салада жұтаңдық байқалады, біздің дәстүрімізге сырттан жат дүниелер ене бастады. Бұғанасы қатпаған қазақ қоғамы, әсіресе жастар, тіпті үлкендері шет елге еліктеп кетті. Діни экстремизм, өз-өзіне қол жұмсау белең алуда. Өз баласын лақтырып тастап кету деген де көбейіп барады. Алғашқыда осындай дүниелерді естігенде таң қалатынбыз, ал бүгінде мұндай жағдайлардың жиілеп кетуінен етімізде үйреніп барады. Бұл да үлкен сигнал. Оған бүкіл қоғам болып, ата-аналар, психологтар атсалысуы керек. Бұл ішкі дағдарысты, рухани жұтаңдануды білдіреді», - деді сөз басында «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали.
Осы ретте, спикер «Нұр Отан» партиясының жақында ғана жасаған зертеуінің нәтижесімен бөлісті.
«Жақында ғана «Нұр отан» партиясы адам үшін алғашқы он басымдылыққа байланысты зерттеу жүргізді. Сауалнаманың нәтижесі бойынша алғашқы он басымдылықтың бастапқы алғашқы бесеуі жеке басының қажеттіліктеріне, алтыншы, жетіншісі әділдік болса, сегіз, тоғызыншысы, оныншысы патриотизмге байланысты болған. Яғни, халық бірінші өзінің жеке қажеттіліктерін ойлайды. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары экономикалық құндылықтарға басымдылық берілді, бұл соның нәтижесі. Бүгінде адамның бар арманы үй салу немесе баю», - деп толықтырды спикер.
Сонымен қатар, ол жобаның өзектілігіне тоқталды.
«Оның өзектілігі ол кешенді жоба, ол жай ғана ескерткіштерді айшықтау ғана емес, ол ауылға барып рухани азық алуды көздейді. Ол мәдениетті дамыту емес, бұл адамды дамыту болып табылады. Жалпы адамдар қасиетті жерлерді бұрыннан анықтап қойған, қазір біз соларды тек түгендеудеміз. Бұл біріншісі, екіншіден ғылыми тұрғыда ғалымдар тарихпен тығыз байланысты ескерткіштерді насихаттамақшы. Мәселен таңбалы тас, ол біздің тәуелсіздігіміздің, тарихымыздың нышаны. Үшіншіден ол мемлекетіміздің тарихындағы елеулі тарихи оқиғаларға байланысты жерлерді, ескерткіштерді насихаттау, қалпына келтіру болып табылады», - деп түйіндеді Берік Әбдіғали.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар