- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру-науқандық шара емес – Д.Мыңбай (ВИДЕО)
Рухани жаңғыру-науқандық шара емес – Д.Мыңбай (ВИДЕО)
« «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласынан кейін қоғамда жақсы пікірлер айтылды. Бұл қоғамның күн тәртібінде тұрған мәселелерін қозғағанда болып отыр. Бұның барлығы бір-бірімен байланысып жатыр. Экономикалық жаңғыру, рухани жаңғыру барлығы бір-бірімен сабақтас. Жақында Көкшетауда берген сұхбатында Елбасы аталмыш мақаласы туралы елдің көңілінен шыққан ой толғамым еді деп айтқан болатын. Себебі, бұл құжат тек қазақстандықтардың ғана емес, шетел азаматтарының да қызығушылығын туғызды. Өйткені, қай ел болмасын қоғамның санасы өзгермей ешқайсы алға баспайтынын біледі», - деді Д.Мыңбай.
Д.Мыңбайдың айтуынша, бұл барлық салаға қажет рухани жаңғыру. Мақалада осы туралы егжей-тегжейлі қозғалған. Әсіресе, білімнің салтанат құруы кеңінен жазылған. Себебі, білімсіз жетістікке жету екіталай.
«Сондай-ақ, прагматизм, өзгеден үйрену тілге тиек етілген. Әр заманның өз талаптары болатын болса, біз әркез соған дайын болуымыз керек. Соған сай білім алуымыз керек, еңбектенуіміз керек. Дамыған 30 елдің қатарына енуге біз тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде келуіміз керек. Яғни, осындай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек. Бұны идеологиялық бастама деп те айтуға болады. Себебі, бұл бүгін басталып, ертең аяқтала салатын науқандық шара емес. Ұзақ мерзімге созылған құжат. «Әр заманның өзінің ғалымы бар, әр заманның өзінің құралы бар» деген имани сөз бар. Меніңше, бұл әр заманның талабына біздің замандастырымыздың лайықты жауабы. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жобаларын жүзеге асыруда өзімізді көрсетуге мол мүмкіндік ашып отыр», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар