- Басты
- Жаңалықтар
- З. Қабылдинов қазақстандықтарды әрбір елді мекеннің тарихын жазуға шақырды
З. Қабылдинов қазақстандықтарды әрбір елді мекеннің тарихын жазуға шақырды
Рrimeminister.kz хабарлағандай, ғалым Қазақстан тарихын жылдан жылға қайта басып шығара беруге қарсылығын білдірді.
«Өкінішке орай, біз Қазақстанда ондаған жылдар бойы Қазақстан тарихын бес томда шығарып келеміз: тарих бір баспадан алынып, екіншісінде қайта басылып шығарылуда, ешқандай өңірлік компонент, жаңашылдық жоқ», – деді З. Қабылдинов.
Ол бұның орнына жекелеген елді мекендердің тарихын жазуды ұсынады.
«Себебі үлкен Отанға – Қазақстан Республикасына деген махаббат тарихы – адамның кіші Отанына деген махаббатынан бастау алады. Өз ауылының, ауылдық округінің, әкімшілік ауданының, облысының, аймағының тарихын білмей тұрып, Қазақстанның жалпы тарихын ешқашан біле алмайды. Осыған орай, мен барлық қазақстандықтарды өздері туып өскен елді мекеннің тарихын жазуға шақырамын», – деді ғалым.
З. Қабылдиновтың айтуынша, оның аталған идеясы «Туған жер» бағдарламасының арқасында жүзеге асуы тиіс.
«Ауыл әкімдеріне кәсіби тарихшыларды, жергілікті өлкетанушыларды, түрлі бағыттардағы мамандарды, аға буынның ақпаратшыларын жұмылдырып, өз ауылдарының тарихын жазу туралы тапсырма беру керек. Біз, Тарих және этнология институты, оларға ерте заманнан қазіргі заманға дейінгі тарихты жазудың үлгілік құрылымын ұсына аламыз», – деді З. Қабылдинов.
Ғалым аталған тарихи очерктердің мазмұны туралы айта отырып, олардың ішінде сол елді мекеннің тарихы, салты мен дәстүрлері, сондай-ақ, еліміз демографиялық соққы алып, аштық, саяси репрессия орын алған 1920 жылдардағы оқиғаларды, қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы туралы деректерді қамтуы керектігін мәлімдеді.
Бұдан өзге, З. Қабылдинов өзінің туған өлкесі туралы тарихты жазғаны туралы айтып өтті.
«Мен 2014 жылы Омбы облысындағы шағын ауылымның тарихын жаздым. Тамаша кітап жазылды. Ресейдің бұрынғы ұжымшар, кеңшар және аудан орталықтарының Орталық мекенжайларында да бұндай кітап жоқ екен. Мен алғашқы қадамды жасадым, біздің бастамамызды Омбының өзге ауылдарының өлкетанушылары қолдады. Осындай жұмыстар Қазақстанда да пайда болуы керек деп ойлаймын», – деп сөзін түйіндеді ғалым.
Фото Шыңғыс Қаппаров
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы