Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

25 Тамыз, 2017 17:24
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Юрий Хачатуровпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және Ұйымның одан әрі институционалдық даму процесінің негізгі аспектілері талқыланды. 

Сондай-ақ әңгіме барысында биылғы күзде Минск қаласында өткізілуі жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық мәселесі қаралды. 

Барлық жаңалықтар