- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалық құрылыс кәсіпорындары өндірісті кеңейтуде
Ақмолалық құрылыс кәсіпорындары өндірісті кеңейтуде
«Бүгінгі таңда құрылыс саласы айтарлықтай көтерілген, бұл мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асырумен, жаңа өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілерді салумен, халық тұрмысының жақсаруымен байланысты. Құрылыс жаңа, жоғары технологиялық материалдар өндірісін дамыту локомотивіне айналды. Мұндай материалдарды пайдалану құрылыс шығындарын қысқарта отыра, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Александр Загребин.
Өңірде құрылыс материалдары да (кірпіш, темір-бетон құрылымдары), баламалы материалдар да (жеңіл бетоннан блоктар) шығарылады.
«ENKI» ЖШС директоры Мырзабай Әбдіқалықов 2017 жылы кірпіш зауыты 46 млн дана кірпіш шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Осы ретте зауытты пайдалануға енгізу басында 298 млн дана кірпіш шығарылып, оның 295 млн-ы өткізілген.
«Зауыт толық автоматтандырылған және Қазақстанда кірпіштің 40-тан астам түрін шығаратын жалғыз зауыт болып табылады. Жақын арада компания анағұрлым ашық түсті кірпіштерді шығаратын болады», - деп қосты ол.
«Ерназаров және К» ЖШС директоры Әділхан Ерназаров қабырға материалдары өндірісіндегі жаңа бағыт туралы айтып берді. Оның компаниясы арболит блоктар шығарады. Мұндай материал тас пен ағаш қасиеттерін біріктіреді. Арболит жоғары жылу оқшаулауыш көрсеткішке ие және жанатын материал болып табылмайды.
«Біз арболит блоктарды өңірлерге теміржол және автомобиль көлігі арқылы кез келген көлемде жеткізе аламыз. Алайда, бүгінгі таңда біз өзіміздің өндірістік қуаттылығымызға сүйене отыра, сегіз сағаттық жұмыс ауысымында тек 15 текше метр ғана шығарамыз. Астана қаласында арболит блоктарын шығару зауытының құрылысы жылына 15 000 текше метр шығаруға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде зауыт құрылысы инвестициялық жобалау кезеңінде», - деп ақпараттандырды Ә. Ерназаров.
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Қостанай облысының дамуы: экономиалық даму, ауыл шаруашылығы, жолдардың құрылысы, тұрғын үй мәселелері -
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады -
Өнеркәсіп, көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының дамуы
-
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай -
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы: жыл соңына дейін кімдер үй алады -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен