- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық еңбек нарығының даму әлеуеті (САРАПТАМА)
Қазақстандық еңбек нарығының даму әлеуеті (САРАПТАМА)

Бүгінгі жаһандық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің тұрақты дамуы берік әлеуметтік базамен қамтамасыз етуде. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында адами капиталдың сапасын арттыруға басымдық берді. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырыла бастады. Аталмыш жоба техникалық және кәсіби білім жүйесін дамытуға бағытталған, бұл өз кезегінде еңбек нарығының талаптарына сай кәсіби біліктілік стандарттарын жаңартуды талап ететін болады.
2015 жылы 2015-2019 жылдарға есептелген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жасақталды, ол инфрақұрылымдық жобалар аясында халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін болады. Сонымен, 2015-2019 жылдар аралығында жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында 395,5 мың жұмыс орны ашылады, оның ішінде 86,9 мыңы – тұрақты, 308,6 мыңы – уақытша.
Жақын арада қазақстандық еңбек нарығы еңбек күшінің жетіспеушілігімен бетпе-бет келуі мүмкін. 2018 жылға дейін еңбекке қабілетті халықтың өсімі өте баяу болады. Бұл тенденция 1990-1999 жылдары бала ту көрсеткішінің күрт төмендеп кетуімен және 2000 жылдары оның артуымен байланысты. Осы ретте, Қазақстанда еңбекке қабілетті емес халық саны артатын болады, осының нәтижесінде еңбек ресурстарының тапшылығы пайда болады. Алдын ала есептеулер бойынша еңбек нарығындағы жағдай 2023 жылдары тұрақтанады.
Дүниежүзілік банктың материалдарында атап көрсетілгендей, соңғы 15 жылда Қазақстан жаңа жұмыс орындарын ашу және жалақы өсімі бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сарапшылардың пайымынша, болашақта басты міндет өмір сүру деңгейін теңестіру және аймақтар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты жою болуы керек. Бұдан басқа, жаңа жұмыс орындарын ашуды жалғастырған жөн.
Осылайша жаңа экономикалық саясат орташажедел мерзімде халықты тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға, елімізге қажетті кәсіби-техникалық білім алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға және Жалпыға Ортақ еңбекті құруға жағдай жасайды.
Мәншүк Кәрімова «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының сарапшысы
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері

