Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

25 Тамыз, 2017 15:57
Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Маңызы зор шараға білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, ішкі істер органы және құрылыс фирмалары, қызмет көрсету саласы, ірі компаниялар мен банктер секілді 65 жұмыс беруші мекемелер қатысып, 500-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бір айта кетерлігі, бұған дейінгі болған 8 жәрмеңкенің нәтижесінде 666 адам жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, оқу бітіріп, жұмысқа орналаса алмай жүргендерге біздің орталық арқылы жастар практикасынан өтуге болады.Оның мерзімі – алты ай. Ай сайын 60 мың теңге айлық алады.

Барлық жаңалықтар