• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік инвесторлар қазақстандық өңделген ауыл шаруашылығы шикізатына қызығушылық танытуда

Шетелдік инвесторлар қазақстандық өңделген ауыл шаруашылығы шикізатына қызығушылық танытуда

25 Тамыз, 2017 12:18
2016 жыл қорытындылары бойынша еліміздің ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі 253 млрд теңгені құрады. Шетелдік инвесторлар өңделген ауыл шаруашылығы шикізатына қызығушылық танытуда, деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумынан тыс.

Гүлмира Исаева соңғы жылдары Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қанша инвестиция тартылғаны жайында айтып берді.  

«Өткен жыл қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі 253 млрд теңгені құрады. Биылғы жылы ол 13,5%-ға өседі немесе 262 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Өткен жылы тамақ өндірісіне тартылған инвестициялар көлемі 62,6 млрд теңгені құрады. Биыл өсім 5,2% немесе 66 млрд теңгені құрамақ. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша мәліметтер бар. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі 138 млрд теңгені құраған немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға өскен. Бірінші жартыжылдық ішінде тамақ өнімдері өндірісіне тартылған инвестициялар көлемі 31,6 млрд теңгені құраған немесе  21%-ға өскен», - деді ол журналистерге.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО мен ОҚО-да инвестициялардың ерекше өскенін атап өтті. 

Өсімдік шаруашылығында ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдық ішіндегі инвестициялар көлемінің өсімі 61%-ды, ал мал шаруашылығында 27%-ды құраған.

«Шетелдік инвесторлар ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты ерекше қызығушылық танытуда, осы салада өсімнің жоғары қарқыны байқалады - 5,2%. Егер басқа бағыттармен салыстыратын болсақ, онда  3,5% өсім күтіледі. Бұл Қазақстанның үлкен шикізат базасына ие екенін білдіреді. Бізде өңделген өніммен экспортқа шығу үшін заманауи өңдеу өндірістерін құруға барлық мүмкіндіктер бар. Осылайша, жоғары қосылған құны бар өнімді экспортқа шығару және көбірек пайда табу жоспарлануда. Бұл өсімдік шаруашылығы өнімі – жарма, ұн, сондай-ақ ет өнімі де жатады – шұжық, жартылай фабрикаттар, консервілер», - деп атап өтті Г. Исаева.       

Сондай-ақ, вице-министрдің мәліметінше, өткен жыл қорытындылары бойынша ет экспортының жалпы көлемі 13 мың тоннаны құраған. Ағымдағы жартыжылдық қорытындылары бойынша экспорт көлемі жалпы 13%-ға ұлғайған.

Еске сала кетейік, Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы өтуде. Форумның негізгі міндеті - қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздеуге жәрдемдесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК-те бизнесті жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау.  

 

Ақбота Күзекбай

Фото Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар