- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстанды жаңғырту мәселелері талқыланды
Астанада Қазақстанды жаңғырту мәселелері талқыланды
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында әлі ешқашан ұлт алдында сананы жаңғырту секілді аса терең әрі ауқымды міндет тұрмаған еді. «Рухани жаңғыру» – мемлекеттің барлық салаларының сапалық тұрғыдан жаңарып-өзгеруіне негіз болуға тиіс идеялық тұғырнама. Бүгінгі таңда жаңаруға деген талпыныс өзінің мәні жөнінен ұлттық-мемлекеттік өзін-өзі сақтаумен және сапалы дамумен бірдей болып отыр», – деп атап өтті, Е. Бабақұмаров.
Конференцияның модераторы – Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов Институт жүргізіп жатқан социологиялық зерттеулердің кейбір алдын ала қорытындысын айтып берді.
«Зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда Үшінші жаңғыру шеңберіндегі шараларды іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптасып отыр. Қоғамдық пікірде реформашыл көңіл-күйдің жоғары екені атап өтілуде. Қазақстандықтардың 82%-ға жуығы ел өмірінде өзгеріс қажет деп есептейді. Бұл ретте қазіргі әлеуметтік-саяси даму бағытын қолдау деңгейі де мейлінше жоғары – 88%.Социологиялық зерттеулердің деректері қазақстандық қоғам дамуының әлеуметтік-мәдени аспектілерін қозғайтын жаңғыру міндеттері мен конституциялық өзгерістер қазақстандықтар арасында қолдау тауып отырғанын көрсетеді», - деді Ғ.Нығыметов.
Конференцияның жұмысы барысында жауапты мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-сарапшылық жұртшылық өкілдері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Конституциялық реформаның шешуші бағыттарын іске асыру барысын талқылау бойынша кең көлемде сындарлы сұхбат өрбіді.
Кездесуге қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысты кеңінен жазып-көрсетіп, халыққа түсіндіру үшін сұхбат алаңы жұмысының маңызы зор екенін атап өтті.
Айта кетейік, конференцияның жұмысына 100-ден астам адам қатысып, олардың арасында белгілі ғалымдар З. Шәукенова, З. Қабылдинов, Б. Әбдіғалиұлы және Қазақстан мен шетелдің сарапшы-талдаушы қоғамдастығының басқа да өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары болды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды