- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Түмен ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады
Астана мен Түмен ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады
Әсет Исекешев пен Владимир Якушев екі қала арасында ынтымақтастық әлеуеттерін талқылады.
Екі күнге жалғасатын кездесудің аясында облыс әкімшілігі ЭКСПО-2017 көрмесіне баруды жоспарлауда, көрмеге қатысушы елдер ұсынған технологиямен танысуды көздеп отыр. Атап айтқанда қонақтар Ресей, Франция, Германия, ТМД елдері, Қазақстан және Қытай елдерінің павильондарына ерекше қызығушылық танытып отыр.
Өңірде инвестициялық саясатты дамыту облыс басшылығының әлеуетті бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты шамамен 50 бизнесмен Астанаға Түмен облысынан қазақстандық кәсіпорындармен байланыс орнату үшін келді. Түмен облысының дамуының басты қозғаушысы – білім болып табылады. Осыған орай делегация Назарбаев университетіне баруды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы жұмыс істейді, соған орай шаһар ақылы және қауіпсіз қала ретінде қалыптасып, өңір аясында инвесторлар мен инновация үшін өңірлік халықаралық орталық болмақ.
«Қаланың негізгі бөлігі бос аумақта салынған. Біз әуежайдан түсе салысымен бұл шаһардың жаңа инфрақұрылымға толы екенін көрдік, сәулеті керемет. Ендігіде қаланы толығымен аралауды жоспарлап отырмыз», -деді ресейлік губернатор.
Айта кетейік, Заманауи Түмен – мұнай сервисінің (өнімді алу және тасымалдау), машина құрыстырудың дәстүрлі орталығы. Түмен облысы бүгінде еліміздің шекаралас аймағы – Солтүстік Қазақстан облысымен белсенді өзара әрекеттеседі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады