«Е-қылмыстық іс» тергеу үрдісін жеңілдетеді – Бас прокуратура

24 Тамыз, 2017 17:26
Бас прокуратура электрондық қылмыстық іс жүйесі -«Е-қылмыстық іс» әзірледі. Жүйе тергеудегі проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Біздегі қылмыстық іс өте ұзақ әрі шығыны көп. Қағазбастылық көп. Бұл бюджет үшін ғана емес, бұл барлығына ыңғайсыз. Тергеу жұмыстары айлар бойы жалғасады, бұл шығынды көп қажет етеді. Сондықтан да біз ІІМ бірігіп,  7 ауданда жұмыс жүргіздік. Шынымен де, бізде қылмыстық іс айлап, жылдап өткізіледі. Сондықтан стандарт пен ортақ әдіс таңдап алдық», - деді М.Ахметжанов.

Бас прокурордың орынбасары айтып өткендей, ұйымдастырылған  шаралар есебінен айғақты істер бұрындары айлап қаралса, қазір сотқа дейін бір жұманы қажет етеді.

«Бұл жоба ішкі резервтерімізді көрсетті. Қылмыстық істер бойынша мәселелер бар. Оларды тергеу барынша жеңілдету керек. Біз бұл орайда әкімшілік  өндіріске ұқсас ерекше тәртіп ұсынып  отырмыз. Компьютерлік технология дәуірінде  қылмыстық іс цифрлық болуы керек.  Қосымша бюджеттік шығынсыз, біз «е-қылмыстық іс» жүйесін әзірледік. Қазір ол көптеген мәселенің басын ашты. Біріншіден, барлығы ашық түрде өтеді. Тергеуші ештеңені өзгерте алмайды, себебі онлайн түрде жүзеге асады», - деді ол.

Ол айтып өткендей, бүгінде тергеу жұмыстары жылдамдығын арттырды.

«Соттың электрондық санкциясын алуға болады. Меморганнан анықтаманы бір минутта алып, смс-анықтама жіберуге болады. Тергеуші  кабинеттен шықпай –ақ, кез келген  ақпаратты ала алады», - деді спикер.

Осының  есебінен бюджет айтарлықтай үнемделеді.  Бас прокуратураның мәліметінше,  жыл сайын  600 мың іс қағаз бойынша жүргізіледі.

«Өткен аптада  Ұлттық бюро, ІІМ  және  Экономикалық зерттеу  қызметімен  «-қылмыстық іс»  пилоттық жобасын іске қостық.  Жамбыл облысында алғашқы сынақ өткізілді.  15 қыркүйекке дейін  тағы 5 өңір, оның ішінде Астана  да бар. Алғашқы нәтиже де бар. Бүгінде  12 электрондық санкция қабылдадық. Цифрлық форматқа толық көшкен кезде, көптеген проблемалар артта қалады», - деді ол.  

Осыған дейін Марат Ахметжанов «100 нақты қадам» аясында  қылмыстық іс жүйесі жаңғыртылып жатқанын айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар