- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы Пагуош конференциясына әлемнің 46 елі қатысады
Астанадағы Пагуош конференциясына әлемнің 46 елі қатысады
ҚР Парламенті Сенаты мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиынға әлемнің 46 елінен 200-ден аса делегат келеді.
Төрт күнге жалғасатын Пагуош конференциясы «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» тақырыбында етеді. Шараның ашылуына ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Пагуош конференциясының Президенті Джаянта Данапала, БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Исуми Накамицу, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарты Ұйымның атқарушы хатшысы Лассина Зербо қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды.
«62-ші Пагуош конференциясының ядролық қауіпсіздік тақырыбындағы жиыны біздің елде өтетіні бекер емес. Халықаралық ұйым Қазақстанды суық қарудан бас тартқан, бейбітшілік пен татулықты ұстанған мемлекет ретінде мойындайды», - деді конференцияның жұмысына арналған баспасөз жиында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.
Сонымен қатар баспасөз жиынына қатысқан Пагуош конференциясының Президенті Джаянта Данапала ұйымның тарихы мен жұмысына тоқталды.
1957 жылы әлемде ядролық соғыстың қауіп-қатерлерін талқылаған ғалымдардың бірінші халықаралық кездесуі Канаданың Пагуош қаласында өткен. Аталған қаланың құрметіне аталған ұйым халықаралық статусқа ие.
Астанада өткізілетін Пагуош конференциясының нәтижесінде «Астана декларациясы» қабылданады деп күтіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері