Біз тарихи мұраны қастерлеуіміз керек – Д.Ахметов

24 Тамыз, 2017 20:13
ШҚО-да ҚР Президентінің бастамасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар ондаған жобалар әзірленді, олардың негізінде өңір мәдениетінің алуандығы жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында Даниал Ахметов мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, басым әзірлемелердің арасында  үш тілділік, «Туған жер», сакралды географиялық орындар бар.

«Біз  Абай ауданындағы Қоңыр әулие  сакралды орнының құжатнамасын әзірлеп жатырмыз.  Ғибадат етушілер өзенге барады. Менің тапсырмам бойынша  аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде», - деді ШҚО әкімі.

Өңірлік әкімдіктің  мәліметінше, жақын арада  «Рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламасының  таныстырылымы өтеді.

Даниал Ахметов айтып өткендей, бұл тек теориялық еңбек емес, тарихи құндылықты тереңінен ұғыну. 

Барлық жаңалықтар