2013 жылдың желтоқсанында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ 1 млн тонна астық тасымалдады

6 Қаңтар, 2014 17:45
2013 жылдың желтоқсанында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ 1 млн тонна астық тасымалдады, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылғы желтоқсанда 1004 мың тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге жоғары көрсеткіш. Оның ішінде республикаішілік бағдарға 235 мың тонна тасымалданса, экспортқа  769 мың тонна шығарылды», - делінген хабарламада.

Негізгі бағыттар Орта Азия  (220 мың.тонна), Кавказ елдері (103мың тонна), Ресей және Қара теңіз бен Балтық теңізі  (238мың тонна) бағдары сақталды. Иранға Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы  (88 мың тонна), Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара арқылы 58 мың тонна астық жөнелтілді.

Қытай бағдарына 54 мың тонна, Ауғанстанға 8 мың тонна астық жіберілді.

 Ұн өнімдерін жөнелту 214,6 мың тонна құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  48 мың тоннаға (29%) артық. Оның ішінде экспортқа 164,8 мың тонна шығарылып,  77% құрады. Өзбекстанға 97 мың тонна,  Ауғанстанға 29 мың тонна, Тәжікстанға 19 мың тонна, Түркменстанға 9 мың тонна, Қырғызстанға 7 мың тонна ұн өнімдері жөнелтілді.

Өткен маркетингілік жылы (шілде- желтоқсан) 4,5 миллион тонна астық тиелді. Оның 3,1 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Аталмыш мерзімде 1,3 миллион тонна ұн тиелсе, оның бір миллион тоннасы сыртқа шығарылды.

Айта кетерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ астық пен ұн өнімдерін тасымалдауда негізгі көлік операторы қызметін атқарып келсе, оны әрі қарай толаусыз жүргізуге жылжымалы құрам паркі  жеткілікті

Барлық жаңалықтар