Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен коворкинг ашылады

24 Тамыз, 2017 19:31
Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен коворкинг ашылады, бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукеновтың қалада салынып жатқан коворкингтерге жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Алматы қаласының әкімдігінде хабарлағандай, бірінші объектінің ауданы 13 мың шаршы метрді құрамақ. Кеңседе 64 кабинет, 4 коференц-зал, 1000 адам сыятын көрме аймағы және балаларға арналған аймақ болады. Ойластырылған инфрақұрылым 6 қоғамдық тамақтану нүктесін, сондай-ақ жер асты және жер үсті паркингін қамтиды. Кеңсе кәсіпкерлерге арналған. 

Екінші объект ауданы 10 мың шаршы метрді құрайтын  «SmArtPoint» коворкинг-орталығы. Бұл өзгеше жұмыс форматымен ерекшеленетін жаңа коворкинг.

Мысалы, барлық ниет білдірушілер бірінші қабатта коворкинг инфрақұрылымын тегін пайдалана алады. Оған Заманауи өнер орталығы, Impact Hub әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту желісі, Expo-аймақ, сондай-ақ жастарды дамытуға арналған American Corner + Maker’s Space кіреді.  

Екінші қабатта абонементтер жүйесі жұмыс істейді, бұл кеңселерді ғана емес, сонымен қатар, демалу және ойын-сауық аймақтарын да пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнда фитнес-орталық, йога-зал, кітапхана, театр аймағы, көрме аймағы, амфитеатр, компьютерлік ойын аймағы, технологиялық зертхана кіреді.  

Қазіргі уақытта коворкинг ішінара пайдалануға енгізілген. 

Барлық жаңалықтар