- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі жасыл энергетика саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді - Д.Коягазомо
ЭКСПО-2017 көрмесі жасыл энергетика саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді - Д.Коягазомо
Өз сөзінде Джоахим Коягазомо қазіргі кезде мемлекет энергетиканы дамыту саласында белсенді жұмыс жүргізуде екенін атап өтті. Оның айтуынша, елде жақын арада үлкен күн батареялар паркі салынады. Сонымен қатар, Джоахим Коягазомо экожүйені сақтау үшін жаңартылатын энергия көздерін енгізу мен дамытудың маңыздылығына тоқталды.
«Орталық Африка Республикасы экожүйені қорғап, оны дұрыс басқаруды көздейді. Мемлектіміз 5,4 млн Га экваторлық қалың ылғал ормандарына ие, оның 3,5 миллион Га ауданы бақыланады. Жаңартылатын энергия көздерін енгізу еліміздің дамуы мен ормандарды сақтауға қажетті. Тұрақты прогресс ірі қалалар жанындағы орманды аудандардың қысқаруына әкелді. ЭКСПО-2017 көрмесі жасыл энергетика саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді», - деді Джоахим Коягазомо.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттердің жобалары мен жетістіктері Қазақстан үшін пайдалы әрі әлемдік экономиканың дамуына және қоршаған ортаны сақтауға ықпал ететіндігіне сенім білдірді.
«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы Көрме энергетикалық ресурстардың жойылуы және қоршаған ортаның ластануы мәселелерін шешуді мақсат еткен халықаралық қауымдастық үшін маңызды. 2013 жылы Қазақстан жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдады. Жыл сайын ЖІӨ-нің 2% көлеміндегі қаражатты «жасыл жаңартуға» инвестициялауға ниеттіміз», - деді Арын Өрсариев.
Өз сөзінде Арын Өрсариев Қазақстан Орталық Африка Республикасымен мақсатты экономикалық ынтымақтастығын дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері